» » АШЫҒУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

АШЫҒУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Адамның денесі – табиғаттың тылсым туындысы. Ол үнемі қозғалысты, күтімді, тәртіпті қажет етеді. Бірақ біз күнделікті өмірде денемізге тым ауыр жүк артып, тоқшылықтың тұзағына өзіміз түсіп жатамыз. Артық тағам, артық қант, артық май, артық әдет. Бір күні дене қарсы тұрудан шаршайды. Сонда барып, ашығу – саулыққа бастар сара жол екенін түсінеміз.
Ашығу – адам ағзасын жақсарту мен детоксикация жасаудың ең тиімді әдісі. Ашығудың пайдасы туралы түсінік сонау Гиппократ заманынан бері бар. Ашығу арқылы дене массасының салмағын бақылауда ұстауға болады және жүрек-қан тамыр жүйелерінің жағдайын жақсартып, ескі жасушалардың жаңаруына мүмкіндік бересіз.
Қазіргі кезде ашығудың түрлі әдістері бар. Күрделілігіне қарай нәтижесін көруге болады. Олай болса ашығудың адам ағзасына тигізер пайдасын тізбектеп көрейік.
Ашығу арқылы біреулер артық салмақтан құтылғысы келсе, келесі біреулер өзін жеңіл әрі сергек сезіну үшін сол қадамға барады. Көп жағдайда ашығу ағзаға түрлі тәсіл арқылы оң әсерін тигізеді. Әсіресе гормондардың жұмысын реттеп, ағзадағы майдың метаболизмасын жақсартады.
Ашыққан сәтте ағза кетоздық жағдайға түседі. Кетоз – ағза көп мөлшерде энергия алу үшін майларды ерітіп жей бастағанда көп мөлшерде кетон денесі түзіледі. Бұл процесс әдетте жасушалардың көмірсутек бойынша ашығуы нәтижесінде болады.
Ашығу барысында немесе пайдалы майларға бай рационмен тамақтанғанда кетоз күйіне қол жеткізе аласыз. Артық майлар әдетте бүйрек, бауыр секілді ішкі ағзалардың айналасына жиналады. Артық май түзілген органның жұмысы нашарлайтыны айтпаса да түсінікті. Ашығуда әсіресе интервалдар арқылы кетоз күйіне енуге мүмкіндік басым. Ашығу – жай ғана тамақ ішпеу емес. Бұл – денені, жанды және сананы тазартатын табиғи процесс. Көптеген елдің ежелгі мәдениетінде ашығу – рухани өсу мен дене саулығына жетудің бір тәсілі ретінде қолданылған. Бүгінгі медицина да оның пайдасын ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр.
Ашығу кезінде асқорыту жүйесі демалады. Бұл – бауыр, ішек, бүйрек сынды ағзаларға өзін-өзі ретке келтіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде адам бойындағы артық токсиндер мен май жасушалары ашығу кезінде ыдырап, сыртқа шығарылады. Бұл уақытта ағза ескі жасушаларды ыдыратып, орнына жаңасын түзеді. Бұл үдеріс «аутография» деп аталады. Ашығу кезінде қандағы қант деңгейі тұрақтанып, миға оттегі жақсы жеткізіледі. Нәтижесінде адам жеңіл ойлайды, ұйқысы жақсарады.
Адам ашыққанда ішкі түйсік оянады. Тамақ емес, ой мен ниет маңыздырақ бола бастайды. Тәннің тынышталуы – жанның тазаруына жол ашады. Осы себепті көптеген рухани мектептер мен діндер ашығуды – өзін-өзі тәрбиелеудің биік сатысы деп есептейді.
Абай атамыз да 38-қара сөзінде «Тәнді жанға бас ұрғызу керек...» деп, тән мен жанның үйлесіміне мән берген.
Бұл процесс тәртіп пен түсінікпен жасалуы керек. Ескере кететін бір жайт, бірден ұзақ уақытқа ашығуға болмайды. Алдымен дәрігермен кеңесіп, өз ағзаңыздың дайындығын бағалаңыз.
Ашығу – ақылмен жасалған таңдау. Адам артық тамақтанған сайын тәнін жүктейді, ойы тұманданады, ниеті көмескіленеді. Ал ашығу арқылы адам өзіне қайта оралады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 шілде 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 163
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031