» » ОРАЗА ҺӘМ АШЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ

ОРАЗА ҺӘМ АШЫҒУДЫҢ ПАЙДАСЫ

1.Тұрақты тепе-теңестірілген қорек:

Біз ашығу жайлы айтқанда, міндетті түрде оның қайталанбас ғажап (эксклюзивный) ем екенін үнемі есте тутыңызды өтінеміз. Ашығу емінің жетістіктерінің біреуі, ашығудан шыққаннан кейін: тұрақты түрде 60 пайызы көкөністерден тұратын тепе-теңестірілген тамақты қабылдау. Ашығу – миллиондаған адамдардың денсаулығын түзеуге көмектесті.
2. Екінші – ішекті тазалап, ағзадан уларды шығарады:
Ашығу – ішекті тазалайды. Егерде адамның іші үнемі қатып, үлкен дареті уақтылы шықпай жүрсе көптеген келеңсіздіктерге ұрынады. (Іш катуды бал мен лимон қосылган ыстық су жане қазақтың шалабы не «Тан», «Тандем» сусындары бірден қалпына келтіреді). Осының салдары қант ауруы сусамырды және қан-тамыр, түтікшелердің ауруына әкеп тірейді. Осы кезде ашығу денсаулығыңызды қалпына келтіреді. Ашығу ағзамыздың биологиялық міндеттерін жандандырады.
3. Қорғаныс қабілетін (иммунитет) реттейді:
Ашығу арқылы ағзаның барлық мүшелері оздерінің биологиялық міндеттерін мінсіз атқарып ағзаның қорғаныс қабілетін реттейді. Олар тек қана қан-тамырлары мен түтікшелердің жағдайын жақсартып қоймай, қартаю ағымын саябырлатады.
4. Әріңізді кіргізеді сондай-ақ, жасарып құлпырып кетесіз:
Ашығу арқылы сыртқы келбетіңізді де жақсарта аласыз. Қазір барлық жерде химияны көптеп қолданады. Жай ғана топырақ пен құмды сумен шая салуға болады, бірақта улы заттарды сумен кетіре алмайсың. Егер де осы улы заттар – жеген жеміс пен көкөніс арқылы ағзамызға түссе, ауырамыз, тіпті қатерлі ісікке де шалдығуымыз мүмкін. Ашығу – осы келеңсіздіктердің алдын алады. Ашығу – дені сау, әрі әдемі, көрікті, келбетті сулу болу ушін, әрбір адамға міндетті түрде қажет.
Егер де сіз үнемі ашығу әдісін қолдансаңыз, денсаулыгыңыз біртіндеп түзеледі. Ашығу – әрлендіргіш. Сіздің сыртқы келбетіңізді, бет әлпетінізді шырайландырады, жақсартады. Бұл кімге де болмасын қажет.
26 мамыр 2018 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031