» » Құрманың емдік қасиеті мен пайдасы

Құрманың емдік қасиеті мен пайдасы

Құрманың емдік қасиеті мен пайдасы
Құрма (лат. Phoenix dactylifera) — пальмалар тұқымдасының Пальма тегінің биологиялық түрі. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне Сауд Сауд Арабиясы, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады.
Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.
Құрманың түрлері:
Әжуа құрмасы – бұл құрма түрі адам ағзасын түрлі у мен бактериялардан тазартады. Емдік қасиеті мол жеміс түріне жатады. Жүрекке де пайдалы.
Бәрани құрмасы – бұл құрманың тойымдық қасиеті мол. Аш адам осы құрмадан жесе тез тояды. Ас қорытуға да пайдалы.
Құрма – адамзат баласының барлығына танымал, ең көне жеміс болып табылады.  Өзінің нәзік, тәтті әрі құнарлы сипатымен қазіргі таңда да көптеген әлем елдеріндегі маңызы зор жеміс болып отыр.
Ғалымдар бұл жемістің барлық жаңа қырын және таңқалдырарлық ерекшелігін әрі таңдаулы ас екендігін ғана емес, небір түрлі ауру-сырқаудың таптырмас емшісі екендігін анықтап отыр.
Дәрігерлер әйел адамдарға жүктілік кезінде және де босанатын күні үзбей осы жеміс шырынын ішуге кеңес береді. Себебі бұл жеміс шырыны ағзасы әлсіреген анаға күш береді, сонымен қатар босанушы әйелдің ағзасында жаңа туылған нәрестеге өмірінің ең алғашқы сәтінен бастап өте қажетті ана сүтін құрайтын химиялық реакцияның жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Есте болар жайт, құрманың құрамында ойдың жүйелі болуына және денсаулыққа пайдалы 10 түрлі элемент бар. Бүгінде ғалымдар адам баласының тек құрма мен суды азық етіп, бірнеше жыл өмір сүре алатындығын анықтап отыр. Ашығу (диетология) саласының беделді маманы, доктор В.Х. Доусон бір құрма мен бір стақан сүт адамның ағзасын бір күндік қажетті заттармен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған.
Құрманың пайдасы:
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:
• Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
• Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
• Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
• B1, B2 дәрумендерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
• Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
• Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
• Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
• Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
• Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
• Ас қорытуға пайдалы;
• Тойымдылық қасиеті өте жоғары.
• Балғын құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.
• Жеңіл босануға септігін тигізеді
Сонымен қатар, құрмада ағзаға тез сіңетін және де жылдам ыдыраушы қант шырыны бар. Ол ағзаның белсенділігін арттырып, жылу күшімен қамтамасыз етіп отырады. Құрмадағы қант шырыны ағзада қант құрамын мөлшерден асырушы кәдімгі қанттан, глюкозадан айырмашылығы көп.  Қан құрамындағы қанттың көтерілуі бірнеше сырқаты бар жандар үшін өте қауіпті, соның ішінде қант диабеті кезінде. Қан құрамында қанттың көбеюі ішкі ағзаларға зиянын тигізеді. Ең бірінші бүйректің, көздің, жүрек бұлшық етінің жүйке талшықтарының қызметі бұзылады.
Қанттың көбеюі нәтижесінде көптеген аурулардың ауыр түрінің себебі және де көру қабілетінен айырылуға, мүшелердің жансыздануына, бүйрек ауруына және де қант диабетінің ауыр түріне апаруы мүмкін.
Адам мен құрманың ұқсастығы
1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.
2. Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.
3. Құрма ағаштары да адам секілді аталық-аналық болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді аталығының жапырағы тік және қысқа болса, аналық құрманың жапырағы ұзын және төмен қарай жайылып өседі.
4. Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Аталығының ұрығын алып, аналығына салып, қолдан ұрықтандырылады екен.
5. Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол аналық құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады.
6. Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында "жумра" атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. "Жұмрасын" кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады.
7. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен.
Күніне 3 құрма жеудің пайдасы
Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.
Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді.
Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп.
Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.
Құрма — бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті асқазан обасының (рак) профилактикасы үшін пайдалану қажет.
Араб әйелдері көп ғасырлар бойы афродизиак ретінде құрманы қолданады. Жемісін ұнтақтап, ерлердің кофесіне қосады. Бұл өнімнің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын түрлі амин қышқылдары бар.
Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады.
19 мамыр 2018 ж. 2 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031