» » ДИЕТА-АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛТА МА?

ДИЕТА-АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛТА МА?

Әлемдегі ең семіз бала туралы естідіңіз бе? Ол Индонезиядағы Арья Пермана есімді жасөспірім. Балақай он жасында 200 келі салмақта болыпты. Арья үнемі қарны ашып жүреді екен. Ол күнделікті бес уақыт күріш, сиыр еті және көкөніс сорпасын жеуді дағдыға айналдырып алған және ол еш қимылсыз теледидардың алдында телефон ойнап жататын болған. Баласының артық
салмағына алаңдаған ата-анасы арнайы диетолог мамандарға жүгінеді. Арья мамандардың көмегіне жүгіну арқылы саламатты өмір салтын қатаң ұстанып түрлі тамақтардан бас тартады. Бір орнында күнделікті жаттығу жасап, артық салмақтан арыла бастайды. Осыдан кейін қатарластарынан қалмай мектепке де бара бастаған.



Жалпы диета дегеніміз не? Сауалға маманнан жауап алған едік.
– Диета – бұл адамның бойындағы ауру сырқатына қарай қойылатын емдік ұстаным. Яғни, бір сөзбен айтқанда, саламатты тамақтану. Белгілі бір сырқатына қарай қажетсіз тамақтардан тыйылып, ем болатын пайдалы тағамдар тұтыну. Мысалы асқазан жарасы бар адамдарға өзіндік диета қойылған. Олар мөлшерден тыс тамақтанбау керек, арнайы ұнталған, асылған тағамдар жеу керек, – деді облыстық Жастар денсаулығы орталығы Қармақшы құрылымдық бөлімшесінің дәрігері Ұрхия Ідірісқызы.
Мәселен, адамның бойы 175 см болса, салмағы да соған сай 70-65 келі болу керек. Себебі адамның жүрегі сол дене бітім салмағына қарай жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай диета ұстаудың да түрлері бар. Солардың бірі – «нольдік диета» және «вегетариандьіқ диета». Нольдік диета – бұл адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру. Бұл диетаны ұстанған адам күніне үш литр сұйықтықтан басқа ешқандай нәр қабылдамайды, көбінесе дәрігердің қадағалауымен жүргізіледі.
Ал вегетариандық диетада – ет, балық, құс етінен жасалған өнімдерге шектеу қойылады. Олар көбіне жеміс-жидек, экологиялық таза өнімдерді пайдаланады.
Қазіргі таңда кей ару қыздарымыздың өз бетінше артық салмақтан құтылудың жолын жасап, дене бітімін ерекше әдемі көрсету үшін мөлшерден тыс диета ұстап опық жеп жатқанын естіп жүрміз. Ондай қадамға көбіне сән көрсетіліміне немесе сұлулық байқауына қатысатын қыздар барады. Мәселен, «Чикаго сұлулық байқауының» жеңімпазы Валерия Левитин есімді ару қыз өзін сұлу көрсету үшін тамақтанудан бас тартқан. Шектен тыс арықтап, салмағы небәрі 25 келіге жеткен. Соңында ауруға ұшырап диетаның құрбанына айналды.
Көне замандағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген екен. Қимыл қозғалыссыз үйімізде жатып алып толып кеттім деп, сау денімізге орынсыз диета жүктеп опық жемейік. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы екенін ұмытпайық.

Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы».
18 қаңтар 2019 ж. 1 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930