» » Қызылша ауруының алдын алу шаралары

Қызылша ауруының алдын алу шаралары

Қызылша – бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызу көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. Қызылша вирусы дем алғанда сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауа тамшы арқылы жұғады.
Қызылшамен кез келген жастағы адамдар ауырады, көп жағдайда балалар ауырады. Инкубациялық кезең 7-21 күн аралығында созылады, жұқтыру көзі – науқас адам. Ауру өте жұқпалы, яғни бұрын сырқаттанбаған адам қызылшамен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болғанда сырқаттану қаупі өте жоғары (егілмеген жағдайда). Егілмеген барлық балалар мен ересектер қауіпті топқа жатады. Көбінесе ересектерге қызылша ауыр ағымда өтеді. Вирус ауада немесе инфекция жұқтырған беткейлерде 2 сағатқа дейін белсенді және жұқпалы болып қалады.
Инфекцияға қарсы ең қолжетімді және тиімді шара вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады.
П.Қобылашқызы,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысының міндетін атқарушы
10 сәуір 2025 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930