» » Қызылша ауруы құтырып тұр

Қызылша ауруы құтырып тұр

Қызылша – ауа тамшы инфекциясы, тез, жылдам таралатын вирустан туындайтын жұқпалы ауру. Қызылша ауруын қызылшамен ауырған адам сөйлескенде, жөтелгенде, түшкірген кезде жұқтырады.
Қызылша ауруының алғашқы белгілері көрінем дегенше жасырын кезеңі 21 күнге созылады. Аурудың белгілері науқастың дене қызуы көтеріледі, әлсіреп, тамаққа тәбеті төмендейді, суық тию белгілерімен басталады, яғни жөтеліп түшкіріп, көзі қызарады. Сонымен қатар ауыз қуысында ақ дақтар пайда болады. Денесіне ұсақ бөртпелер кезең кезеңімен шығады. 1-ші кезең басына, бетіне құлақ айналасына, мойнына түгел шықса, 2-ші кезең кеуде тұсына, 3-ші кезең аяққа, табанына тұтас шығады. Кызылша (пневмония) өкпенің қабынуы (энцефалит) ми қабығының қабынуы сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Қызылша ауруының алдын алу бойынша:
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – егілу. Егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина 12-18 айда енгізіледі. Қайта егу 6 жасында жасалады жане 6 қарашадан бастап елімізде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы басталды.
Оның ішінде
– 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға;
– 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға.
Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді.
Құрметті ата-аналар! Салауатты өмір салтын ұстанайық!
Гүлфараз ЖҰМАБЕКОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы
18 желтоқсан 2023 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031