» » Қызылша қаупі артуда

Қызылша қаупі артуда

qarmaqshy-tany.kz Ауданда қызылша ауруын жұқтыру деректері тіркелуде. Әсіресе, балалар арасында анықталуда. Қызылша – дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауруы және бөртпемен сипатталатын вирустық жіті жұқпалы ауру.
Қызылша ауруының алғашқы белгілері, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, көздің қызаруы, жас ағу, жөтел. Ал негізгі белгілері бүкіл денеге, бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп таралатын бөртпенің шығуы, ақ ұнтақ жарманың жиналуы сияқты және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.
Қызылша вирусы науқас адамнан дені сау адамға ауа тамшы жолдармен, яғни сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде және мұрыннан, жұтқыншақтан бөлінген бөлінділер арқылы жұғады.
Қызылша ауруынан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес аурудың алдын алу үшін балаларды ҚҚП вакцинасымен 1 жасында вакцинация және 6 жасында ревакцинация жүргізу қарастырылған.
Қызылшамен сырқаттанушылықты төмендету іс-шаралары негізінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.11.2023 жылғы №7 қаулысына сәйкес қосымша жаппай иммундау жүргізілуде.
Қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттер:
– 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар;
– 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар;
– 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері.
Қазіргі уақытта 6 айдан бастап 11 айға дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Барша ата-аналарды, балаларды аурудан қорғау үшін уақытылы екпе алуға шақырамыз.
Қаршыға ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитариялық-эпидемиялық
бақылау ҒАЛЫМ басқармасының жетекші маманы
05 желтоқсан 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031