» » Қауіпті инфекция

Қауіпті инфекция

qarmaqshy-tany.kz Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы орасан, сондықтан да қызылша жұқпасының белгілерін тұрғындарға жеткізіп отырмыз. Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады, кейін теріде пайда болады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Бөртпелер көлемі 2 мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады. Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалуы, өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.
Вирус ауа-тамшы жолы, сілекей тамшылары арқылы, түшкірген, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100 пайызында жұғу орын алады. Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.
Аудан бойынша бүгінгі күні қызылшамен ауырған науқастар саны күн сайын көбеюде, ал республика бойынша қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы өте тұрақсыз жағдайда. Ауданда қызылшамен ауырғандар саны – 25. Науқастардың 80 пайызы кенттен тіркелсе, қалғандары ауыл-аймақтардан. Кәсіби ерекшелігіне келетін болсақ, басым көпшілігі ұйымдаспаған топ үй балалары және балабақша тәрбиеленушілері, жұмыссыздар, студенттер мен жұмысшылар қатарынан да ауырғандар бар.
Аурудан сенімді қорғанудың бірден-бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады. Қызылша ауруының жылдам өршуінің, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы «Егілуге жататын контингентке қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы жаппай иммундау жүргізу» туралы №7 қаулысына сәйкес 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар, қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ медицина қызметкерлеріне бүгінгі күні жаппай қызылшамен иммундау жұмысы жүргізілуде.
Ата-аналарға ескеретін маңызды жәйт:
– балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
– қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу, үйде сонымен қатар қызылшамен ауырған науқас болғанда қарым-қатынасты шектеу ұсынылады.
Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырған жағдайда:
– катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып, аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;
– ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;
– дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;
– жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу;
– тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану – өзін-өзі емдемеу қажет.
Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.
Қызылша – қауіпті инфекция. Балаңызды қорғап үлгеріңіз!
Г.ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялықэпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
22 қараша 2023 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031