» » Байқожа атауы қайдан шыққан?

Байқожа атауы қайдан шыққан?

Бірде «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан «Құдайы қонақ» бағдарламасының тілшілері Байқожа ауылына барып, құдайы қонақ болғанын көрдім. Бағдарлама барысында тілшілер ауыл тұрғындарынан «Байқожа» атауының қайдан шыққанын сұрады. Алайда бұл сұраққа ешбір ауыл адамы жауап бере алмады. Сонда тұрғындардың өзі туып өскен жердің тарихын білмегеніне қынжылдық әрине.
Менің атам Қожаберген шежіреден сыр шерткенде айналасындағы адамдарды тамсандыратын өте әңгімешіл кісі еді. Сол атамнан естіген әңгімелерде біздің аталарымыз Шөмекей руының Айтқұл аталығынан (Малбике деген әйелінен) Байқонды, Байқожа, Елқонды туады мыс. Қазіргі Байқожа стансасы осы атамыздың есімімен аталса керек. Әрине бұл жайға қарсы пікірлер де табылып қалар, дегенмен үлкен атамнан естіген аңызға бергісіз мына әңгіме шындыққа жанасатын тәрізді. Сұлу Сырдың бойында өмір сүрген, еліне елеулі һәм қадірлі азамат Байқожа атамызды Әулие, қыдыр көрген деседі.
Жайдарлы жаздың күні тоқырап, су суыған мезгілде Байқожа атамыз жас кезінде түбекте ши мен нар қамыстан тоқылған жалғыз лашықта дариядан өткен жолаушыларды қайықпен есіп өткізеді екен. Өзі сіңірі шыққан кедей. Адамға дидар мен несіп ғайып деген, армансыз адам болмайтыны анық.
Бір күні аспан түнеріп, жауын жауып, кешке қарай қатты дауыл басталыпты. Қайықшы Байқожа асау толқынның қаһарынан сескеніп, үйге қайтпақ ниетпен қайығын жағалауға байламақ болады. Бұл кез күн батып, қызыл семген іңір уақыт болса керек. Қайығын байлап, үйіне қарай асығып жүре бергенде құлағына алыстан талып жеткен аттың дүбірі естіліп, селт етіп шошып тұра қалыпты. Дарияның арғы беті біраз жер болғанымен, дәл құлағының түбінен «Әй, балам, өткіз мені!» деген дауыс естіліпті. Сол кезде арғы беттен ақбоз ат мінген ақсақалды атаны көреді ғой. «Балам, қайықты бермен әкел», депті ақсақал шапанының етегі делбегейленіп.
Айнала аш қасқырдай ұлыған асау жел. Дарияның толқыны болса жардан асып бұлқынуда. Ақ көбік шашқан бурадай дариядан шошынған Байқожа атамыз қас пен көздің арасында не істерін білмей дағдарыпты. Сонда қорқынышы шалғайынан тартқылап:
– Ата, мені кінәлай көрме, мынадай орасан апатқа адам қарсы тұра ала ма? Қазір қайықты салғаныммен, жете алмаймын. Мына қарсы ағыс алып кетеді, – дегенде, қайықшының сөзін есіткен ақсақал:
– Тура сал, саспа бала, Құдай қосса ағын алып кетпейді, – деп қорқынышын сейілтіпті.
Қарияның сөзіне өзін бір ғаламат күш сендіргендей, Байқожа қайықты дарияға салыпты. Дауылмен арпалысып, ескегін есіп, әдбен шаршап, әлі құрып тұрғанда: «Әй балам! Тоқта!» деген ақсақалдың үнін есітіп, бойын тіктеп түрегеліпті. Арқасына мұздай тер құйылып, толқынмен арпалысып тұрғанда, тылсым күш пайда болғандай арғы беттегі қарияның дәл жанынан шығыпты. Бірақ мұны өзі де білмей қалса керек. Содан жан-жағына қарауға мұршасы болмай, қайыққа қария мен атын мінгізіп алып, тура қарсы жағалаудан қайтадан бір-ақ шыққанын тағы байқамай қалыпты. Жанталаса қайығын байлап, бұл кісінің тегін адам емес екенін біліп, «Құдіретті болмаса дауылды күні дариядан ағызбай ары-бері екі өткізбес», деп жақсылықтан үміттеніпті.
Байқожа пір тұтар әулиеге жолыққан шығармын деп ойлап, лашығына қарай жүгіріпті. Келе сала әйеліне «пышақ тап» деп жанықтырып, сүтін сауып ішіп отырған жалғыз ешкісін соймақ болып аяғын байлапты. Сосын әйеліне:
– Менің көзіме елес болып көрініп тұрмаса, мына шал я әулие, я құдірет. Бейуақытта жүрісі тегін емес, – депті. Содан көк ешкіні жәукемдеп бола берген кезде, атына мініп ақсақалда жеткен екен.
– Асығыстық жасадың ау, балам, ешкі де қолға оңайлықпен түспейді ғой, – десе, Байқожа:
– Ата, мен таң азаннан кешке дейін қайық есемін. Осы кәсіпті үйренгенмін. Бір ешкі аман болсақ тағы келер. Батаңызды беріңіз, – депті ол. Ақсақал жігітке сұқтанып қарап тұрып: «Талабың өрлейтін бала екенсің, екеуің де қол жайыңдар, – деп батасын беріпті.
– Құр азық табар жігіт пе десем, жомарттығың да бар екен, разымын. Қане, үш тілегіңді айт. Маған көп адамның қолы жетпей жүр, – депті. Сонда Байқожа тілегін айтарда сасқалақтап «Мал, мал» деп екі рет қалай айтқанын өзі байқамай қалыпты. Үшінші тілегін сұрағанда: «Сол малға ие бер» деген екен. Ақсақал:
– Екі тілегіңде де мал сұрадың, елден ерекше малдың астында қаласың. Бірақ, әттегенайың – тұқымың аз болады. Бүгін түн таңға дейін ұйықтамаңдар. Екеуің екі пышақты қамдап қойыңдар. Түн ортасы болғанда шығыстан қаптаған қалың қой жөңкіп келеді. Сол қойды шетінен ұстап алып, ен сала беріңдер. Ен салғанының бәрі сенікі, осы жерден кетпей тұрақтап қалады. Сосын саған тәңірім ұл береді, оған бақ пен дәулетті қоса береді, – деп батасын беріп, көзден ғайып болыпты.
Иә, бұл Байқожаға келген Қыдыр ата еді. Мың болғыр жігітті ұнатып, атының басын бұрған. Дауылды күні келіп, арғы бетте тұрып, дариядан өткіз дегені – сынағаны екен.
Содан бәрі Қыдыр атаның айтқанындай болып, ен салған қойлары киікше жосымай, шыр айналып қала беріпті. Байқожаның қойлары түбекке толып, жай-күйі оңалып, сол түбекке орнығыпты. Қыдыр атаның айтқаны дәл келіп, әйелінің аяғы ауырлап, ай-күні жетіп, торсықтай ұл туады. Баласының атын Қыдыр деп қояды. Қыдырдан Жолбарыс атты жалғыз ұл болса, ал Жолбарыстан Тілеміс деген жалғыз тұяқ қалған екен.
Міне, Қыдыр көрген Байқожа атамыз мекендеген сол түбек сан ғасыр өтсе де Байқожа деп аталып, тарих толқынымен көш түзеп келе жатыр.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
01 наурыз 2025 ж. 185 1

Shantell от 23 мамыр 2025 08:28
When I initially left a comment I appear to have clicked on the -Notify me when new comments are added- checkbox and from now on whenever a comment is added I get four emails with the exact same comment. There has to be an easy method you are able to remove me from that service? Cheers! web page Your style is very unique compared to other folks I've read stuff from. Many thanks for posting when you have the opportunity, Guess I'll just bookmark this page. casino en ligne Sweet blog! I found it while searching on Yahoo News. Do you have any tips on how to get listed in Yahoo News? I've been trying for a while but I never seem to get there! Cheers casino en ligne If you are going for best contents like myself, simply go to see this site daily for the reason that it presents feature contents, thanks casino en ligne Great article. casino en ligne What's up friends, its enormous article regarding teachingand fully defined, keep it up all the time. casino en ligne Incredible points. Sound arguments. Keep up the great work. casino en ligne Good day! I could have sworn I've been to this web site before but after going through many of the articles I realized it's new to me. Anyways, I'm certainly pleased I stumbled upon it and I'll be bookmarking it and checking back regularly! casino en ligne I love what you guys tend to be up too. This sort of clever work and coverage! Keep up the terrific works guys I've incorporated you guys to my blogroll. casino en ligne Thank you, I have just been looking for info about this subject for a long time and yours is the greatest I've found out till now. But, what about the bottom line? Are you certain in regards to the source? casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30