» » КӨКЖӨТЕЛ жайлы не білеміз?

КӨКЖӨТЕЛ жайлы не білеміз?

Көкжөтел – жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен көрінетін өте жұқпалы бактериялық ауру. Оның қоздырғыштары ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады. Көкжөтел әсіресе жаңа туған сәбидің алғашқы айларындағы балаларға қиын. Біріншіден балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел.
Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айнала- ды. Осы әлсірететін жөтел кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл ой кемістігі пайда болады. Сол себепті көкжөтелден қорғанудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі вакцинация екенін еске салады. Жоспарлы түрде көкжөтелге қарсы 2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде біріктірілген вакцинамен жүргізіледі. Болашақта 6 жастағы балалар АбКДС бустерлік дозасымен егіледі.
Аурудың белгілері пайда болған кезде уақытылы медициналық көмекке жүгіну, бөлмені жиі желдету, дымқыл тазалау жүргізу, балалардың ойыншықтарын жуып-шаю ды қолға алу керек. Жөтелген кезде аузыңызды жауып, қолыңызды жиі жуып тұрғаныңыз абзал. Егер науқас қорғалмаған адамдардың ортасында болса, онда бетпер- де кию тиіс. Ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектеп пен балабақшаларға және тағы басқа көпшілік баратын орындарға жібермеу ұсынылады. Вакцина – аурудан қорғаудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан балаларға уақытында екпе жасатқан жөн. Есіңізде болсын, ауруды ем- дегеннен гөрі оның алдын алған абзал.
А.АБЖАППАРОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасы басшысының орынбасары
02 ақпан 2025 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728