» » Көкжөтел туралы не білеміз?

Көкжөтел туралы не білеміз?

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға тән. Алайда, кез келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияны жұқтырудың алдын алу әдістерін білу маңызды.
Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:
- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
- әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;
- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.
Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшылы жолмен жұғады. Ауру адам аурудың айқын сатысы басталғаннан кейін 30 күн ішінде алғашқы патологиялық көріністерден инфекцияны тарата алады. Жөтелдің қарқындылығы сияқты белгі биологиялық сұйықтықтағы (сілекей, шырышты қақырық) қоздырғыштың таралу дәрежесімен байланысты.
Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы вакциналау болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларға екпе егу бір мезгілде тиісінше 5-6 аурудан: дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және В гепатитінен қорғайтын құрамында АбКДС бар бес және алты компонентті құрама вакциналарды қолдана отырып жүргізіледі. Көкжөтелден барынша қорғау үшін балаларға 5 екпе алу қажет, оның ішінде 2 айдан бастап 1 ай аралығымен 3 екпе, содан кейін бірінші ревакцинация бір жарым жаста, екінші ревакцинация 6 жаста жүргізіледі.
Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда екенін ұмытпағаның абзал.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы 
13 желтоқсан 2024 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728