» » Көкжөтел ауруының алдын алу үшін

Көкжөтел ауруының алдын алу үшін



Көкжөтел – бұл жедел таралатын, көбінесе балаларда байқалатын және белгілі бір клиникалық көрінісі мен белгілері бар инфекциялық ауру. Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.
Жиі асқынулар екі жасқа дейінгі балалар мен қарт адамдарға тән. Алайда, кез-келген жаста ауру әл-ауқатты едәуір нашарлатуы мүмкін, сондықтан көкжөтел белгілері мен инфекцияның алдын-алу әдістерін әрбір адам білу керек деп ойлаймын.
Көкжөтелдің белгілері жоғарғы тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:
- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;
- әлсіздік, бұлшықеттердегі «ауру», бас ауруы;
-мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.
Жұғу жолдары. Көкжөтелдің жұғу көзі – науқас адамдар. Яғни, Қоздырғыштың берілуі инфекция жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшы жолымен жұғады. Олар әсіресе аурудың бастапқы кезінде өте жұқтырғыш келеді. Көкжөтелдің кез келген түрі адамдар үшін өте қауіпті. Жөтелдің қарқындылығы сияқты белгі биологиялық сұйықтықтағы (сілекей, шырышты қақырық) қоздырғыштың таралу деңгейімен байланысты.Әсіресе көкжөтел ұстамасы қысып, қатты жөтелген кезде сақтанған жөн. Өйткені қақырық бөлшектері 3 метрге дейін ұшады. Егер көкжөтелге тұрақты өмірлік иммунитеті қалыптаспаған болса, бұл сырқатпен кез келген жастағы адам ауыруы мүмкін.
Клиникасы. Инкубациялық кезең 3 күннен 15 күнге дейін созылады (орта есеппен 5-8 күн). Ауру ағымы үш кезеңнен тұрады – катаральды, спазмалық жөтел кезеңі және босату кезеңі. Катаральды кезеңде құрғак жөтел, кейде тұмау болады. Дене қызуы субфебрильді немесе қалыпты. Бұл кезеңнің ерекшелігі – тұрақты қатты жөтел. Емге карамастан, жөтел үнемі күшейе береді, тіпті шектеулі ұстамаға соқтыруы мүмкін. Бұл кезең 3-14 күнге созылады. Спазмалық кезеңде жөтел ұстама сипатында болады. Ұстама кезінде қысқа жөтел арасында демді ішке тартқан сәтте ысқырық секілді дыбыс шығады. Ұстамадан кейін қою шырыш шығады, науқастың құсуы да мүмкін. Ұстама кезінде баланың беті қызарады, одан соң көгереді, мойнындағы тамырлар ісініп, көздері қанталайды. Ырықсыз нәжіс не несеп бөлуі мүмкін. Тіл сыртқа шығып, көзден жас ағады. Босату кезеңінде жөтел ұстамасыз болады, 2-4 аптаға созылады. Аурудың орташа ұзақтығы 6 апта шамасында, бірақ одан да ұзақ болуы мүмкін.
Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.
Көкжөтелдің алдын алу шараларына тоқталатын болсақ. Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (яғни суық тию, дене қызуының көтерілуі деген сияқты белгілері болмаған жағдайда), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 2 айда→ 3 ай → 4 ай→ 18 айда жүргізіледі. Яғни, АбКДС вакцинасы қолданылады. ( ішінде күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз), В гепатиті, полиомиелит (белсенділігі жойылған) және b типті гемофильді инфекцияларға қарсы 5-6 аурудан сақтану үшін қолданылады.
Балаңызды иммундауды кешіктірмеңіз! Оның денсаулығы – сіздің қолыңызда!
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы



24 шілде 2024 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 130

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930