» » 5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі


Қазақстанда көкжөтел бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 жасқа дейінгі балалардың арасында көкжөтелдің 392 жағдайы тіркелді. Оның 90%-дан астамы 5 жасқа дейінгі балалар арасында байқалып отыр.
Көкжөтел жағдайдарының көбеюі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Ол ауа тамшылары арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқаспен сөйлескенде таралады. Инфекцияның көзі – екпе алмаған балалар. Вакциналау – инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы. Жоспарлы екпені тұрғылықты мекенжай бойынша емханадан алуға болады, - деп жазды министрлік.
Алдымен балада жалпы суық тиюдің белгілері болады: мұрыннан су ағады, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады және бірнеше рет қайталанады. Ол асқынған жағдайда өкпенің қабынуы, мидың қабынуы секілді салдарға әкеледі.
Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Көкжөтелге қарсы екпе баланың 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында үш рет салынады. Сондай-ақ, 1,5 және 6 жасар балаларға ревакциналау жүргізіледі.
Айта кетейік, республикада 2 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін аралас бес және алты компонентті вакциналар, 6 жастағы балалар үшін – Еуропада өндірілген үш компонентті вакцина (Санофи Пастер С.А., Франция) пайдаланылады.
23 наурыз 2024 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 676

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031