» » Көкжөтел

Көкжөтел



Көкжөтел-жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен көрінетін өте жұқпалы бактериялық ауру.
Көкжөтелдің қоздырғыштары ауа тамшыларымен, науқас жөтелгенде, сөйлегенде,түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады. Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларға қиын. Біріншіден балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел. Бірте бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл ой кемістігі пайда болады.
Көкжөтелдің алдын алу:
Көкжөтелден қорғанудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі вакцинация екнін еске салады.
Жоспарлы түрде көкжөтелге қарсы 2,3,4, және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде біріктірілген вакцинамен жүргізіледі. Болашақта 6 жастағы балалар АбКДС бустерлік дозасымен егіледі.
Аурудың белгілері пайда болған кезде: уақытылы медициналық көмекке жүгіну, бөлмені жиі желдету, дымқыл тазалау жүргізу, балалардың ойыншықтарын жуып-шаю. Жөтелген кезде аузыңызды жабыңыз, қолыңызды жиі жуыңыз, егер науқас қорғалмаған адамдардың ортасында болса, онда маска кию керек. Ата аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептер мен бала-бақшаларға және т.б. көпшілік баратын орындарға жібермеу ұсынылады. Вакцина-аурудан қорғаудың ең тиімді тәсілі, балаларыңызға уақытында екпе жасатыңыздар!
Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс.
 А.С.Абжаппарова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы орынбасары
21 қаңтар 2025 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031