» » Ұнды фортификациялау

Ұнды фортификациялау

Фортификация - өнімді адам денсаулығы үшін қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту процесі.
Қаназдық (анемия), рационда фолий қышқылы мен дәрумендердің жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары ауруларына, ана мен бала өліміне, мүгедектікке себеп болады, бұл өз тарапынан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан рейтингісінің төмендеуіне әсер етеді. Темір тапшылығы анемиясы - ағзада темірдің азық-түлікпен жеткіліксіз қабылдануы мен сіңірілуінен, асқазан-ішек жолының, несеп-жыныс жүйесінің және қан жүйесінің кейбір созылмалы ауруларында темір шығынының көбеюінен, темірге қажеттіліктің артуынан туындаған ағзаның патологиялық процесі.
Қазіргі уақытта репродуктивті жастағы әйелдер мен 14 жасқа дейінгі балаларда анемияны тудыратын дәрумендер мен минералдардың, соның ішінде темір және фолий қышқылының жетіспеушілігі жиі кездеседі. Мұның себебі: монотонды тамақтану, тамақты сақтау, индустриялық өңдеу кезіндегі микроэлементтердің жоғалуы. Осыған байланысты мемлекет ұнның пайдалы қасиеттерін байыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Құрамында темірі бар дәрумендер мен минералдарды сатып алғаннан гөрі фортификацияланған ұнды қолданған әлдеқайда тиімді. Темір жетіспеушіліктің бірден бір алдын алу принциптерінің бірі - ұнды құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдармен байыту. Темірмен байытылған ұнды қолдану адам ағзасында темірдің артуына әкелмейді. Ұнды қажетті минералдармен байыту минералды заттардың жетіспеушілігінің алдын алады. Гемоглобин нормасы қалыпқа келу үшін байытылған ұн мен нанды 1-2 жыл тұрақты қолдану қажет.
Ерсейтова Гүлнар,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының Қармақшы аудандық бөлімшесінің
зертханашысы 
22 қазан 2024 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031