» » ФОРТИФИКАЦИЯ туралы не білеміз

ФОРТИФИКАЦИЯ туралы не білеміз

Фото
Фортификация – ұнды тарту кезінде аз мөлшерде дәрумендер мен минералды кешенді қосу процесі. Бұл өнімнің сапасы мен қоректілік құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Фортификация процесі кезінде жоғары және бірінші сұрыптағы бір тонна ұнға 150 грамм мырыш қоспасы, темір, фолий қышқылы мен В тобының дәрумендері қосылады. Қоспа элементтері тағамдық сапаны арттырады, бірақ ұнның органикалық және басқа да қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді және жанама құбылыстарды туғызбайды.
Көптеген тағамның ішінде тек ұнды байытуға, яғни фортификациялауға көңіл бөліну себебі, ол арзан, әрі тиімді. Соны­мен қатар, нанды әр адам тұтынады. Ұнды өмірлік маңызы бар витаминдермен және минералдармен байыту, яғни форти­фикациялау ана өлімін, нәрестелердің туа біткен кемтарлығы деңгейін елеулі түрде азайтады, балалардың ақыл-ой қабілетінің дамуына ықпал етеді. Балалар мен әйелдер арасындағы қан аздығының алдын алады.
Қазіргі таңда азық-түліктердің көптеген түрі технологиялық өңдеу кезінде өзінің құнарлылығын азайтады. Бұлардың қайта қалпына келтірудің бірден-бір жолы – ұн­ды дәрумендермен және микроэле­мент­термен байыту.
Қазақстан Республикасы «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 111 бабының, 2-тар­мағына 3 тармақшасына  сәйкес, темір жетіспеушіліктің алдын алу мақсатында ел аумағына саты­латын жоғарғы және бірінші сортты бидай ұнын құрамында темірі бар дәрумендермен, минералдар және басқа да заттармен байыту (фортификациялау) міндетті деп көрсетілген. Құрамында темірі бар дәру­мендер мен минералдарды сатып алғаннан гөрі, фортификацияланған ұнды қолданған әлдеқайда тиімді.
Қармақшы аудандық «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханасы ма­ман­дарының қатысуымен халық көп жина­латын орындарда базарларда, сауда орта­лықтарында «Фортификацияланған ұнның маңыздылығы», «Фортификация­ланған ұнды таңдаңыз» атты акциясы өткізілуде.
Акция шеңберінде экспресс әдіспен ұн сынамаларының құрамындағы темірді анықтауға зертханалық тексерулер жүр­гізіледі. Акцияның басты мақсаты – темір тапшылығы анемия ауруының алдын алу, тұрғындар арасында қауіпсіз, дұрыс тамақтануға және байытылған нан, ұнды тұтынуларына ақыл-кеңестер беру. Біз үшін адамдардың денсаулығы маңызды.
А.Смайлова,
Қармақшы ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау 
басқармасы санитарлық гигиеналық  және техникалық
регламент талаптары  сақталуын қадағалау бөлімінің бас маманы 
01 шілде 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728