» » Суық тиюден қалай сақтанамыз?

Суық тиюден қалай сақтанамыз?

Қоңыр күз де өзінің салқындығын көрсетіп бастады. Жылы киініп жүрмесеңіз ауырып қалуыңыз әбден мүмкін. Суық тигенде емделудің ең жақсы жолдары қандай, вирусқа қарсы дәрі-дәрмек сатып алудың қажеті бар ма? Толығырақ тарқатсақ.

Суық тию – диагноз емес. Бұл көбіне қыс пен күз мезгілінде, күннің суығында пайда болатын аурулардың тұрмыстық деңгейде тараған үйреншікті атауы. Оны мұрынның бітелуінен, тамақтың ауырғанынан, жөтелден, бас ауруы мен әлсіздіктен білеміз. Кейде дене қызуы да көтеріледі. Жалпы ауру неден пайда болады?

Әдетте суық тию – бұл медициналық карталарда ЖРВИ аббревиатурасымен белгіленетін вирустық инфекция. Вирустар көпшілік орында (көлікте, кеңселерде, мектепте) ауа немесе қол арқылы таралады. Ағзаға микробтар енген кезде, иммунитетіміз шабуылға жауап ретінде антиденелер вирусты өлтіретін қорғаушы ақуыздар өндіреді. Бұған шамамен 3-10 күн кетеді, ал содан соң иммунитет микробты жояды.
Вирус жылдың суық мезгілінде таралады. Негізінде суық тию шамамен бір апта ішінде, антиденелер пайда болу барысында өзінен-өзі қайтады.  Дей тұра ауруды жеңілдетудің бірнеше жолы бар.

Бірінші кезекте – көбірек сұйықтық ішу. Суық тиген кезде адамға шын мәнінде сұйықтық қажет. Кептірілген жемістен жасалған компот немесе жылы шай аурудың белгілерімен күресуге көмектеседі. Әдетте ішетін мөлшерден 3-5 шыныға артық ішкен жөн.

Ағзада сұйықтық жеткілікті болған жағдайда вирустар кесірінен ең көп зардап шегетін барлық шырыштылардың жұмыс істеуі жеңілірек болады. Адам ауырған кезінде көп сұйықтық ішсе, өкпедегі қақырық пен мұрындағы шырыш жеңіл шығады, яғни вирустық бөлшектер денеде ұзақ бөгелмейді. Қатты қызу көтерілген кезде дене көп ылғал жоғалтады, сондықтан жоғары температура да бір шыны шай ішуге себеп болады.

Дене қызуы 38,5 °C-тан жоғары болғанда ғана оны түсіру үшін әрекет етіңіз. Бұл шамаға дейін температурамен күреспеген жөн, өйткені ол вирустарды жою үшін қажет. Әрине, егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, ауруды және қызуды басатын дәрі-дәрмек ішкеніңіз абзал.

Жалпы денсаулығы бірқалыпты адам үшін суық тию қауіпті емес. Бірақ, егер өз-өзіңді қинап, ағзаның сауығуына жол бермесеңіз, ауру асқынып кетуі мүмкін. Мысалы, вирустық инфекцияға бактериалдық инфекция қосылады, ал ол ұзақ емделеді немесе суық тию өкпенің қабынуына ұласып кетеді. Сонымен бірге инфекция созылмалы болып кетуі мүмкін, яғни ол үнемі қайталанып тұратын болады. Сондықтан, кез келген суық тию – өз-өзіңе көңіл бөліп, денсаулықты қалпына келтіру үшін уақыт табуға бірден-бір себеп.
А.АХМЕТ
18 қыркүйек 2024 ж. 94 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031