» » Сарысудың сан пайдасы

Сарысудың сан пайдасы

Әлеуметтік желідегі хабарландыру жазылатын парақшалардың бірінен сүзбеден қалған сарысу іздеген жанның жазбасына көзім түсті. Әлгі ағарғаннан қалған солбір судың қандай қажеттілігі болды екен деп біраз ойға қалдым. Содан соң төменде жазылған пікірлерді көзбен шолып шығып, сарысудың шипалық қасиетке тұнып тұрғанын аңғардым.

Сарысу – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның адам ағзасына пайдасы өте зор. Сарысуды тек қана тағамдық мақсатта емес, косметикалық мақсатта да қолданады.

Сүт сарысуы шамамен 94 пайызы судан тұрады, ал қалған 6 пайызда организмге қажетті барлық заттар толығымен кездеседі. Сарысудың құрғақ заты негізінен лактозадан немесе сүт қантынан тұрады. Лактоза – артық майдың жиналуына жол бермейді, сондықтан «оңтайлы» көмірсу болып табылады. Ол асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге қатысады.

Сарысу ақуыздары – толыққанды ақуыз, алмастырылмайтын аминқышқылдары үйлесімді түрде кездесетіндіктен, биологиялық құндылығы өте жоғары болып саналады. Сүт сарысуының құрамында никотин қышқылы, холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.

Сарысудың қасиеті мен пайдасы. Сарысу – өте тамаша өнім, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, көптеген қасиетке ие. Сүт сарысуы ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдістерін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдарының ауруларында емдік мақсатта пайдаланады.

Сүт сарысуы суда еритін дәрумендердің қайнар көзі, жемістер мен көкөністер жоқ мезгілде дәрумен жетіспеушіліктің кейбір түрлерінен арылуда пайдасы зор. Сонымен қатар құрамында В тобы дәрумендері болғандықтан, тыныштандырады, ал ауыр жұмыс күнінен кейін ішсе жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Қарттар үшін тағаммен емдеуде аса пайдалы. Егер тамақ алдында ішсеңіз, асқазандағы тұз қышқылын төмендетуге септігін тигізеді.

Сарысуды бір қарағанда қарапайым сүзбеден қалған сарғыш су ретінде көруіңіз мүмкін. Әйтсе де көптеген пайдалы қасиетке ие. Сарысудың құрғақ заты негізінен лактоза немесе сүт қантынан тұрады. Ол – ақуызға өте бай. Сол себепті оны ішкенде аштықты қатты сезінбейсің әрі құрамында май болмайтындықтан, артық салмақтан арылу үшін пайдасы орасан зор. Сонымен қатар құрамында бағалы микроэлементтер, калий, кальций, магний, фосфор бар. Сарысудың құрамындағы 200-ге жуық құнарлы заттар мен биологиялық белсенді элементтер адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ол асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға жәрдемдеседі. Иә, сарысу ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдісін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдары ауруына емдік мақсатта пайдаланады.

Сарысудың адам ағзасына пайдасы көп. Айталық, бүйрек пен бауыр жұмысын жақсартады. Ағзадағы артық сұйықтықты шығарады, шлак пен улы заттарды жояды. Қан айналу жұмысын жақсартады және жүрек-қан тамыр жүйе¬сінің ауруларын болдырмайды. Қан қысымының артуын қадағалайды және буын ауруының алдын алады. Мұнан бөлек сарысу қақырықты түсіруге көмектеседі.

Сарысу тек тағамдық мақсатта ғана емес, косметикалық мақсатта да қолданылады. Косметологтар сарысудың бетті ағартатын, теріні тазалап, жасартатын және шашты қатайтып, жылтырататын қасиетке ие екенін айтады. Теріні нәрлендіріп, балғындығын сақтап, ағарту үшін бетті үнемі лимон шырыны араласқан сарысумен сүртуге болады. Бұл тек майлы немесе қалыпты теріге арналады. Ал шашты мықты, әрі жылтыр болуы үшін сарысумен жуған тиімді болмақ.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 наурыз 2024 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031