» » Сарысудың сан пайдасы

Сарысудың сан пайдасы

Бірде әлеуметтік желідегі хабарландыру парақшасынан сүзбеден қалған сарысу іздеген жанның жазбасына көзім түсті. Әлгі ағарғаннан қалған солбір судың қандай қажеттілігі болды екен деп біраз ойға қалдым. Содан соң төменде жазылған пікірлерді бір шолып шықтым. Бақсам, сарысу шипалық қасиетке тұнып тұр екен ғой...
Сарысуды бір қарағанда қарапайым сүзбеден қалған сарғыш су ретінде көруіңіз мүмкін. Әйтсе де көптеген пайдалы қасиетке ие. Сарысудың құрғақ заты негізінен лактоза немесе сүт қантынан тұрады. Сарысу – ақуызға өте бай. Сол себепті оны ішкенде аштықты қатты сезінбейсің әрі құрамында май болмайтындықтан, артық салмақтан арылу үшін пайдасы орасан зор. Сонымен қатар құрамында бағалы микроэлементтер, калий, кальций, магний, фосфор бар және А, Е, РР, С, В тобындағы барлық дәрумендер кездеседі. Сарысудың құрамындағы 200-ге жуық құнарлы заттар мен биологиялық белсенді элементтер адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ол асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға жәрдемдеседі. Иә, сарысу ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдісін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдары ауруына емдік мақсатта пайдаланады. Сүт сарысуы суда еритін дәрумендердің қайнар көзі. Жеміс пен көкөністер жоқ мезгілде дәрумен жетіспеушіліктің кейбір түрлерінен арылуда пайдасы зор. Сонымен қатар құрамында В дәрумені болғандықтан, тыныштандырады, ал ауыр жұмыс күнінен кейін ішсе жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Қарттар үшін де тағаммен емделуде аса пайдалы. Егер тамақ алдында ішсеңіз, асқазандағы тұз қышқылын төмендетуге септігін тигізеді. Ал иммунитетті нығайтып, әртүрлі ауруға төтеп бергіңіз келсе, күнделікті таңертең бір кесе сарысу ішіп тұрған абзал.
Сарысудың адам ағзасына пайдасы көп. Айталық, сарысу бүйрек пен бауыр жұмысын жақсартады. Ағзадағы артық сұйықтықты шығарады, шлак пен улы заттарды жояды. Қан айналу жұмысын жақсартады және жүрек-қан тамыр жүйе­сінің ауруларын болдырмайды. Қан қысымының артуын қадағалайды және буын ауруының алдын алады. Мұнан бөлек сарысу қақырықты түсіруге көмектеседі.
Сарысу тек тағамдық мақсатта ғана емес, косметикалық мақсатта да қолданылады. Косметологтар сары­судың бетті ағартатын, теріні тазалап, жасартатын және шашты қатайтып, жылтырататын қасиетке ие екенін айтады. Теріні нәрлендіріп, балғындығын сақтап, ағарту үшін бетті үнемі лимон шырыны араласқан сарысумен сүртуге болады. Бұл тек майлы немесе қалыпты теріге арналады. Ал шашты мықты, әрі жылтыр болуы үшін сарысумен жуған тиімді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
15 мамыр 2021 ж. 3 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031