» » Мұздатылған жеміс-жидектер: ағзаға пайдасы мен зияны

Мұздатылған жеміс-жидектер: ағзаға пайдасы мен зияны

Фото: pixabay.com

Қыстың суығында жеміс-жидекті сағынып, тәттілер пісіргіңіз келсе оларды мұздатып, дайындап қоюға болады. Бірақ олар мұздатылғаннан кейін пайдалы қасиеттерін сақтай ма және мұндай тағамдардың зияны бар ма? Massaget.kz тілшісі зерттеп көрді.

Жидектің қоректік және пайдалы қасиеті толық піскен кезде жиналатындықтан мұздату кезінде ол айтарлықтай өзгермейді. Өнеркәсіптік өндірісте жеміс азотпен салқындайды, нәтижесінде қоректік заттарды сақтап, оларда көбейетін бактерияларды жоюға көмектеседі.

Құлпынай, көкжидек, таңқұрай, қарақат және шие мұздатылса, олардың қоспасында ағзаға пайдалы жидектің әртүрлі комбинациясы пайда болады.

Мұздатылған жеміс-жидектің пайдасы

Ішек денсаулығына ықпал етеді. 100 грамм мұздатылған жидектерде күнделікті талшықтың шамамен 10 пайызы бар. Бұл біздің ағзамызға асқазан-ішек жолдарының сау жұмыс істеуі үшін қажет.

Жидектер әсіресе еритін талшыққа бай. АҚШ-тағы адамның тамақтануын зерттеу орталығы еритін талшықты нормаланған тұтыну жақсартатынын көрсетті:

ас қорыту жолындағы тағамның қозғалысы
қоректік заттардың сіңу сапасы;
сондай-ақ аштықты азайтып, ұзақ уақыт бойы қанықтылық сезімін арттырады.
Осы фактордың барлығы килокалорияны азайтып, салмақты бақылау процесін жеңілдетеді.

Жүрек-қан тамырлары жұмысын жақсартады. Жидекте жүрек-қан тамырлары денсаулығына әсер ететін полифенол мен микроэлементтер бар. Олар қан қысымын бақылап, қанның ұюына және басқа функцияларға әсер ететін тамырларымыздағы эндотелий жасушаларының жұмысын қолдайды.

Қант деңгейін қалыпқа келтіреді. 2019 жылы Food and Function журналындағы ғылыми жұмыс мүкжидек, таңқурай, көкжидек және құлпынай сияқты жидектерді жеу артық салмақ, семіздік және инсулинге төзімділігі бар ересектерде тамақтанғаннан кейін қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіретінін дәлелдеді.

Басқа зерттеудің деректеріне сүйенсек, жидектер жасушаның қандағы қанттың жоғарылауынан қорғанысты жақсартып, олардың инсулинге сезімталдығын арттырады, сонымен қатар қандағы қант деңгейін және жоғары көмірсутекті тағамға реакциясын төмендетеді.

Теріге пайдалы. Жидек құрамындағы антиоксиданттар қандағы зиянды заттар мен теріні зақымдап, қартаюға ықпал ететін бос радикалдардың мөлшерін азайтатындықтан, оны тұтыну әжімдерді азайтуға көмектеседі. 

Зерттеулер арқылы жидектегі заттар коллаген синтезіне әсер ететіні анықталды. Бұл ақуыз терінің мүмкіндігінше ұзақ уақыт бір қалыпта сақталып қалуына көмектеседі. Егер коллаген аз болса немесе дұрыс жұмыс істемесе, тері салбырап, әжім тез пайда болады.

Мұздатылған жеміс-жидектердің зияны

Жидек мұздатылған түрі аллергиясы бар адамдарға өте қауіпті. Егер сізде таңқурай не құлпынайға аллергиялық реакцияңыз болса, басқа жидектердің де мұздатылған қоспаларын сатып алудан сақ болыңыз.

Жидекте көптеген бояғыш пигмент бар, бұл тіс эмалының түсіне теріс әсер етуі мүмкін. Әдемі күлкіңізді бұзбау үшін тістеріңізді мұқият тазалаңыз.

Кейбір адамдарда жидектерде кездесетін салицилатқа (құрамы салицил қышқылына ұқсас зат) сезімталдық бар. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты талшық не көмірсуы аз диетаны ұстанатын адамдар мұқият болуы керек. Бұл жағдайда мұздатылған жидекті тұтынар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Мұздатылған жидекті қайнатпай жеуге бола ма?

Мұздатылған жемісті жаңа піскен секілді жеуге болады. Ағзаға пайдалып кейбір дәрумендер еріту кезінде пайдасын жоғалтуы мүмкін, сондықтан, мысалы С дәрумені бар жүзімді салқын түрде жеу керек. Ал құрма керісінше ерігеннен кейін мүсіні мен тартымды түрін жоғалтып, консистенциясы да өзгереді. 

Сатып алынған мұздатылған жеміс-жидекте қант немесе сироп болуы мүмкін, сондықтан қаптамадан оның құрамын мұқият оқу керек. Денсаулыққа максималды пайда алу үшін қантсыз тағам таңдап, мұздатылғаннан кейін бір жыл ішінде жеу қажет.

Мұздатылған жидек немесе тосап?

Тосап дайындау кезінде құрамына көп мөлшерде қант қосылады. Тосапты тоқаш дайындауға қоспаңыз, оны шамадан тыс тұтынбағаныңыз абзал. Тағамдық құндылығы жаңа піскеннен айтарлықтай ерекшеленбейтіндіктен, мұздатылған жеміс-жидекті ешқандай қоспасыз дайындаған дұрыс.

Мұздатылған жидекте дәрумен қанша уақыт сақталады?

Мұздатылған тағамды салқындағаннан кейін 8-12 ай ішінде жеген дұрыс. Алайда, уақыт өте келе жидектердің сапасы нашарлауы мүмкін.

Айта кетейік, жидектерді тоңазытқышта қайта мұздатудан аулақ болып, тұтынғанға дейін ерітпеген дұрыс.  Қайта мұздататын болсаңыз жемістер барлық пайдалы қоректік заты, сондай-ақ жағымды келбеті, дәмі мен сапасын жоғалтады.

21 қыркүйек 2023 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031