» » Кептірілген жеміс қыста да пайдалы

Кептірілген жеміс қыста да пайдалы


Америка ғалымдары қыста жаңа піскен жеміс жетіспеген кезде, оның орнына кептілген жемісті жеп, жаңа піскен жемістің нәрі мен құнарлығындай пайда алуға болатынын айтады.
Жеміс-жидектің адам ағзасына өте пайдалы екенін бәріміз білеміз. Әсіресе, жүрек пен қан айналым жұмысына пайдасы зор. Ал қыста жеміс-жидектің азаятыны, қар түсетін аймақтарда мүлдем болмайтыны тағы белгілі. Мұндайда не істемек керек?

Осыған жауап іздеген Пенсильвания университетінің ғалымдары 9 жыл зерттеу жасап, жаңа піскен жемістің орнына кептірілген жемісті жеуге болатынын, екеуінің құнарлығы бірдей екенін анықтады.

Университет мамандары 2007-2016 жылдары АҚШ-та жүргізілген Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтану зерттеуінің мәліметтерін талдай келе, кептірілген жеміс жеген азаматтардың рационы мен денсаулық жағдайына үңілген. Зерттеушілер күніне 4 стақан не одан көп кептірілген жеміс жеген 20 жастан асқан 25 мыңнан аса адамды бөліп алған. Ал олардың денсаулығы мен кардиометаболикасын, диетасын Сау тамақтану индексінің мәліметтерімен салыстырған.

Ғалымдар назарға алынған деректерді қорытындылай келе, кептірілген жеміс жеген адамдардың денсаулығы жемегендерге қарағанда әлдеқайда жақсы күйде болғанын анықтады. Сондай-ақ, ондай адамдардың дене салмағы қалыпты, қан қысымы жоқ, белінде артық салмағы жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар, кептірілген жеміс жеген күнгі қан айналымы мен жалпы ағзаның күйі жемеген күнге қарағанда әлдеқайда жақсырақ болатынын да байқаған.

Бірақ ғалымдар кептірілген жемісті қантсыз құр күйде жеген дұрыс дегенді айтады. Өйткені қант қосылған жемісте қоректік талшық, калий мен жартылай қорытылған май сынды артық заттар көбейіп кететін көрінеді.

"Кептірілген жеміс – пайдалы азық, бірақ оны қантсыз, тәтті қосылмаған күйінде жеген жөн. Кептірілген жеміс жаңа піскен жеміске қарағанда кішірек болғанымен, құнарлығы онымен тең. Өйткені кептірілген жемісте су болмайды. Сондықтан бір жағынан рационға да қараған дұрыс", - дейді зерттеу авторларының бірі, Джонс Хопкинс қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми қызметкері Валери Салливан (Valerie Sullivan).

03 желтоқсан 2020 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031