» » Балалардың тістерінің шығуы жəне ауысу мерзімдері!

Балалардың тістерінің шығуы жəне ауысу мерзімдері!


Адам өмірінде тіс екі рет шығады.Алғашқы шыққан тістер сүт тістері деп аталады. Бұл сүт тістері ең бірінші ананың бойына құрсақ пайда болған күнінің 6-7 апталығында ауыз қуысының көпқабатты жалпақ эпителиясында эпителиялды пластина түрінде пайда бола бастайды.
Нəресте дүниеге келген соң төмендегі мерзімде сүт тістері бірінші төмендегі мерзімде сүт тістері бірінші төменгі жақтан бастап I-ші сүт күрек тістері 6-8айында,
II-ші күрек тістері 8-12 айында,
III-ші тістері (клык) 16-20 айында шыға бастайды.
Бірінші мерзімде үлкен азу тіс 14-16 айында, екінші азу тістері 20-24 айда пайда болады. Сонымен 2 жастағы баланың астыңғы жəне үстіңгі жағында 10-10 нан жалпы 20 сүт тістері болуы керек.
Екінші мерзімде баланың 5 жасынан бастап сүт тістерінің тамыры жойылып (рассасывание) тіс сауыты қызыл иек еттерінде ғана бекітіліп тұрады, əр сүт тістерінің астынан тұрақты тістер жарып шыға бастайды. Тұрақты тістердің шығу мерзімі төмендегідей:
Төменгі жақтан бастап алдыңғы бірінші күрек тістері 6-8 жаста, екінші күрек тістері 7-9 жасында , үшінші күрек тістері (клык)
10-13 жасында, бірінші үлкен азу 5-6 жасында, бірінші кіші азу (премоляр) 9-10 жасында, екінші кіші азу (премоляр) 11-12 жасында, екінші үлкен азу 12-13 жасында, үшінші азу (ақыл тіс 8-ші) 18-ден бастап 25-ке дейін одан да ары кетуі мүмкін.
Себебі, сүт тістері өз мерзімінде ауыспаса, астынан шығып келе жатқан тұрғылықты тіс өзіне ыңғайлы жерден міндетті түрде жарып шығады.
Тіске қосарланып (ұры тіс) мұрынның асты,таңдай тағы басқа да өз орнынан шықпаған тістер ерінді, тілді жарақаттайды, қыз балаларға эстетикалық , косметикалық ыңғайсыздықтар тудырады.
Ең маңыздысы тістің шығуы жəне алмасу мерзімдерінің ауытқу процестері бет-жақ сүйектерінің аномалиясына (кемістік) əкеп соқтыруы мүмкін.
"Анасы саудың- баласы сау" - демекші болашақ анаға баланың денсаулығы жəне баланың тісінің дамуына əсері өте мол.
Сондықтан болашақ ананың дұрыс тамақтануы, витаминдер, кальций препараттарын қалай, қай кезде қабылдау керек екенін, өзінің учаскелік балалар дəрігерінен кеңес алып, қабылдаулары қажет.
Жылына 1 рет стоматолог дəрігерге ауыз қуысын тексертіп тұруы керек.
Балаға 3 жасынан бастап тіс гигиенасын үйретудің маңызы өте зор.
Алмас Қаржаубаев.
стоматология бөлімінің меңгерушісі.

19 желтоқсан 2022 ж. 4 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031