» » Баланың сүт тістеріне қалай күтім жасау керек?

Баланың сүт тістеріне қалай күтім жасау керек?


Баланың сүт тістеріне қалай күтім жасау керек?

Тіс дәрігеріне бірінші тексеріске келген емделушілердің көпшілігінен емдеу керек тістер табылады. Қазір тісті емдеу ауыртпайды, бірақ өте қымбатқа шығады. Егер балаңыздың сүт тістеріне дұрыс күтім жасасаңыз, емдеуден құтыла аласыз.

1. Сүт тістер де азу тістер секілді маңызды

«Сүт тістер бәрібір түсіп қалады» деп көпшілік ата-ана оларға аса мән бермейді. Алайда сүт тістерге дұрыс қарамау үлкен қателік. Себебі сүт тістердің дұрыс әрі сау өсуі адамның стоматологиялық болашағына әсер береді. Сүт тістердегі тісжегі оның астынан өсіп келе жатқан жаңа тістерді де зақымдайды. Ал егер уақытында сүт тістерді қаратпай, ол емдеуге де келмей, жұлдырып тастасаңыз, оның да өз қауіптері бар. Ол жақ геометриясының өзгеруіне, шайнаудың бұзылуына әкеліп, болашақта дене мүсіні, тістем және асқорыту проблемаларын тудыруы мүмкін.

2. Баланың алғашқы тісі шыққан кезден бастап тіс тазалау керек

Көпшілік стоматологтар балаға күніне екі рет ауыз гигиенасы қажет екенін айтады: таңертең және кешке тамақтан кейін тіс тазалау керек. Сондай-ақ, олар баланың тіс тазалауын ең болмағанда ол 8 жасқа толғанша бақылау керегін ескертеді. Бала тісінде ерте тісжегі пайда болуының бір себебі — жиі түнде ему. Егер балаңыз түнде емуін тоқтатпаса, тіс жегінің алдын алу үшін оған әр емізгеннен кейін бөтелкемен су ішкізіп жіберген жөн.

3. Щетка жұмсақ болуы керек

Баланың тіс щеткасына қойылатын негізгі талаптардың бірі — жұмсақ қылтан. Егер гигиенаға қажетті уақыт (2 минуттан аз емес) бөлсеңіз және дұрыс техниканы (жоғарыдан төмен қарай қозғау) сақтасаңыз, жұмсақ щетканың өңезден арылуға күші жетеді. Мұндай щетканың басты артықшылығы — оның бала тісінің етін зақымдамауы. Стоматологтар саусаққа киетін силикон тіс тазалағыштарды тек жолда пайдалануға кеңес береді. Себебі олар щетка секілді тісті толық тазалай алмайды. 3 жастан асқан балаларға тіс тазалайтын электр щетка алып беруге болады. Жиі мұндай щеткаға қызыққан бала тісін өздігінен тазалағысы келіп тұрады.

4. Сүт тістерінің сапасы тамақтануға байланысты

Сүт тістерінің минералдануы — бала рационы үлкен рөл атқаратын күрделі әрі ұзақ процесс. Стоматологтардың айтуынша, балаға алғашқы тамақ (шамамен 6 айдан бастап) бергеннен бастап, текстурасы, түсі және құрамындағы қоректік заттар жиынтығы әртүрлі өнімдер ұсыну керек. Әсіресе, балаға сәбіз, тоқаш, алма және басқа да «қиын» өнімдерді мүжуді үйрету керек. Ол жақ бұлшықеттерінің дамуын ынталандырады, эмальді механикалық түрде тазартады және оның минералдануына ықпал етеді. Бала рационында ең болмағанда 2 жасқа дейін тәтті мүлдем болмау керек.

5. Су баланың негізгі сусыны болуы тиіс

Балаға тіс жегінің ерте пайда болуы — қазіргі заманның нағыз проблемасы. Мамандар оны бала рационында судың жетіспеушілігімен де байланыстырады. Қазір көпшілік әр тамақтану кезінде балаға тәтті сусындар береді, барлық мүмкін тіскебасарлар қолжетімді — мұның барлығы тіс жегіні тудыратын бактериялардың дамуына керемет орта. Бұл микроағзалар қышқыл ортаны жақсы көреді, ал қышқыл орта кез келген тамақтанудан соң және тәтті сусындар ішкеннен кейін пайда болады. Олар сілекеймен ылғалданған және қарапайым сумен шайылған ортаны жақтырмайды. Сондықтан таза су ішу — тіс жегіден қорғанудың керемет әдісі.

6. Тіс дәрігеріне жүйелі түрде қаралып тұру керек

Баланы тіс дәрігеріне алғаш рет 9-12 айында қарату ұсынылады. Бұл кезде бала бірнеше тісімен мақтана алады. Ал дәрігер сол тістерін қарап, гигиена жайында кеңес беріп, тіс жегінің алдын алу шараларын ұсынады. 

22 сәуір 2022 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031