» » Әр адам өзін жете тануы тиіс

Әр адам өзін жете тануы тиіс

Қазір  адамдар бұрынғыдай емес, қоғамда психологтың кеңесіне жүгініп, өзін түзетуге, өзгертуге бейімделіп келеді. Дегенмен бұған енжарлық танытатындар тағы бар. Осы орайда аудандық емхана мен Жастар денсаулығы орталығының психологы Әмина Кетебаевамен сұқбаттасудың сәті түскен еді.
– Психолог мамандығын таңдауыңызға не түрткі болды?
– Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ үздік оқушылардың қатарыннан көріндім. Білімге, ғылымға құштар болдым. Бала күнімнен бастап әрдайым көмектесуге дайын, айналамдағыларға әркез қолдау көрсеткім келіп тұратын. Ішкі жан дүнием қамқор болуды қалайды.
Мектепті бітірген соң Алматыдағы жеңіл өнеркәсіп техникумына оқуға түстім.  "Қызыл куәлікке" бітірген соң, мені емтиханға қатыстырмай, алғашқы әңгімелесуден кейін бірден оқуға қабылдады. Бірақ бұл оқуды өзім қалағаным жоқ. "Ауылдан кеткім келмейді, онда жұмыс істейтін зауыттар жоқ" деп оқуды жарты жолда тастап, аяқсыз қалдырдым. Бәлкім балалығым да болар. Кейіннен Қызылорда қаласындағы бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша білім алдым. Кейінненсатушы, оператор, одан соң машинст-хатшы мамандығын да бітірдім.  
Осы жылдар ішінде әртүрлі мамандық бойынша білім алдым, жұмыс та істедім. Тоқым зауытында технолог, техникалық училищеде, балабақшада тіпті базарда сатушы да болдым. Әйтсе де ешқайсысы көңіліме жақпады. Ылғи ізденіс үстінде жүрдім. "Менің жаныма не жақын?" деген сұрақты өзіме қойғанда психологиядан айналып кете алған жоқпын. Өйткені, біреудің не айтатынын іштей сезіп тұратындай көрінді. Содан осы сала бойынша білім алуды жөн көрдім. Бұдан қорытқанда айтпағым мынау. Көңілің қалаған істі бастаудың, ол жайында білім алудың ерте-кеші жоқ. Адам бір сәт өзінің жан қалауына құлақ түруі керек.
Бала күнімнен бірыңғай форма киімін киіп жүруді қатты қалайтынмын. Әскери, құқық қорғау органдары мен дәрігерлердің ақ халатын армандадым. Қазір, Аллаға шүкір осы арманым орындалды.
– Адам рухани азықтан бөлек, психологиялық азықпен де сусындауы керек. Осы орайда қандай кеңес айтасыз?
– Адамның рухани дамуы үшін неғұрлым көп ізденіп, өзін тануға күш жұмсағаны дұрыс. Кез келген мәселені сұрақ қойып, жауабы арқылы шешімін табамыз ғой. Адам өз-өзін де осылай сұрақ қою арқылы тани алады. Көп жағдайда адамдар мақсатсыз, яғни "не істеп жүрмін, нені қалаймын?" деген қарапайым қалауына көңіл бөлмейді. Осы орайда бір ғана кеңес айтамын. Қандай да бір істе сұрақ қою арқылы шешімін табуға болады.
Иә, бүгінде бәрі өзін ақтап алуға құмартып, сылтауды жиі айтады. "Осы кеткенім кеткен, өзгере алмаймын" деген меніңше бос сөз. Бұл жалқау адамның тірлігі. Өз-өзіңді дамытуда ешқашан кеш болмайды.Қазірде заман ағымына ілесе отырып, жан-жақтылықты игеріп жүргенде ғана ісің алға басады. Кертартпалыққа жол жоқ. Әр адам психологиялық сауатты болғаны дұрыс.
– Кей адамдар өзін жоғалтып алып жатады. Мұны өзі де аңғармай қалады. Ішкі қалауына, таңдауына мән бермейді. "Өзгелер не айтар екен?" деген оймен жүреді. Осы орайда сіз не айтасыз? Қайтпек керек?
– Көбіне мұндай ойлар сенімсіз адамды жиі мазалайды. Олар өздігінен комплекс жасап алып, бәрін кінәлаумен жүреді. Ал адам сенімді болу үшін өзімен көбірек жұмыс істеу қажет. Мұны миды тазарту деп жатамыз. Біздің жадымызда көрген-білген, керекті-керексіз ақпараттың барлығы жатталып қалады. Басымыздан өткен әрбір сәт осында сақталады. Қарапайым ғана мысал алайықшы. Егер телефонымыз бір уақыт жұмысын тоқтатып қалса, оны "перезагрузкаға" жіберіп, не бағдарламасын қайта жаңартып аламыз ғой. Ми да дәл солай. Ондағы қажетсіз дүниені сілкіп тастап, жиі-жиі тазартып отыру маңызды. Біз осылайша өзімізді жоғалған күйімізден шығара аламыз.
Өзгерісті жаңа әдет қалыптастырумен бастау керек. Өзін жетілдіретін кітап іздеуіне болады. Бұл әдетті алғашқыда әр жеті сайын күнделікті қолдану қажет. Осыны қайталау арқылы 21 күнде нәтиже шығарып, соған әдеттенеді. Өзі жаңа әдетке үйрен соң айналадығылар да оған үйреніп, дағдыланады. Солай өмірінің маңызды бір бөлігіне айналдыра алады. Өзіңді өзгерту арқылы жан-жағыңа да өзгеріс сыйлайсың. Ортаңа да талабыңды қойып үйренесің. Әдетте біз отбасымызға, балаларымызға, жүрген ортамызға өз талабымызды дұрыс түсіндірмейміз де, бірақ олардан көп дүниені талап етеміз. Қателік те осы тұстан шығады. Талабын орынды айтап білсе, дұрыс көзқарас қалыптасады.
– Тығырыққа тірелгенде "бәрі біттіге" басады көбі. Күрмеулі дүниені шешуге тырыспайды. Бәріне біржақты көзқараспен қарайды. Бұл қаншалықты дұрыс?
– Бұл күйзеліс деп аталады. Бәрінен шаршап, шығатын жол таба алмай миы "лабиринтке" айналады. Әр істің шешімі болады. "Қателеспейтін адам болмайды. Өмір – күрес деп бекер айтылмаған ғой. Сынаққа сынбай, керісінше одан сабақ алу отырған жөн. Үнемі алдыға қарай ұмтылып, жақсылыққа жетелеуіміз керек.
– Адам жанын зеттеу, білу және оны танып-түсіну туралы біліміңізді қаншалықты жиі шыңдап отырасыз?
– Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Жаныңа не керек, қандай тақырыпта ізденгің келеді ғаламторда бәрі толып тұр. Өзім көбіне-көп әйгілі пхихологтардың аудиокітаптарын тыңдаймын. Мектепте ата-аналар мен оқушылармен кездесу жиындарында не болмаса пациентті қабылдауда жан-жақты зерттей бастаймын.
– Қазір бәрі күйгелек, сабырсыз. Біз адаммен адамның қалай дұрыс қарым-қатынас жасау туралы қарапайым ережелерді де білмейтін сыңайлымыз. Сіз бұған не дейсіз?
– Рас, қазіргі адамдардың көбі шыдамсыз, мазасыз. Мұның барлығы тұрмыстық ахуалға байланысты шығар деп ойлаймын. Бір жағынан, бұл қарыштап дамудың салдарынан да болуы да мүмкін. Күн сайын түрлі өзгерістер орын алып жатыр. Қоғамда да, жұмыста да тура солай. Айталық, біреу айфон 13 аламын деп бар ақшасын жинап жүргенде оның жаңа моделі шығып кетеді. Содан жұрт ақшаны қайдан табады, біздікі үнемі жетпейді деп күйгелектеніп, стресске түсіп жатады. Стресс жалпы адамға керек. Осымен күресе отырып дамимыз, одан шығу үшін әрекет етуге итермелейді. Ал жалқау адамдарда онымен күреспеген соң жиналып-жиналып ауыр күйзеліске түсіреді. Үнемі көңіл толмаушылықпен өмір сүретін адамдарда энергия көп, бірақ оны қара күшке айналдырып жіберген. Біреуге неатив сыйлауға, ұрыс-керіс шақыруға, өзгенің жанын жаралап ауыр сөз, қарғыс айтуға жұмсап жібереді. Әркім өзіне берілген күш-қуатты жақсы жаққа қарай бұрса, неғұрлым жақсы сөздер айтса, позитвті ойласа үлкен жетістік шыңын бағындыруға мүмкіндігі бар.  
Қазір психологтардың көбі әлеуметтік желі арқылы онлайн сеанс жасайтын болды, осы туралы ойыңыз? Жалпы жеке кездесудегі терапия мен онлайн жұмыс істеудің айырмашылығы қандай?
– Әрине, әр нәрсенің тиімді тұсын табуға болады. Мысалы, Мәскеуде семинар-тренинг өтетін болса мен онда бармай-ақ онлайн түрде сол білімді ала аламын. Қазір психологтар да көбейді. Әйсте де психология да медицина сияқты адам жанын әлі түбегейлі зерттеп болған жоқ. Адам жаны үнемі өзгерісте болған соң оны зерттеу де үздіксіз жүре береді. Осы орайда адамдар айналасына өз білгенімен бөлісіп отырғаны абзал. Себебі ортақ тіл табысатын, әңгіме-дүкен құратын ортасы пайда болады.
Жоғарыда онлайн семинарлардың тиімді тұсын айта кеттік. Ал енді мұның кемшіл тұсы да бар. Терапияны бизнес көзіне айналдырып негізгі жұмыстағы фокусты бұрып жіберу қисынсыз. Осындайда жеке терапия қабылдап, адамдармен ашылып сөйлескен дұрысырақ деген ой да келеді. Психотерапевтпен бетпе-бет жүздескенге жетпейді. Ол өте эффективті ем болып саналады, жақсы  әсер етеді. Еркін сөйлесеіп, ойыңды ашық айтып, жеңілдеп қаласың.  
– Заманауи психолог сіздіңше қандай болу керек?
– Бүгінде психологтар көп. Әрқайсысы әртүрлі әдістемені қолданады. Соңғы уақытта дінмен байланыстырып заманауи стильде сабақ жүргізіп жүрген психологтар көбейіп келеді. Әркім әртүрлі жолды таңдайды. Таңдауға талас жоқ. Өзім қазақы дәстүр мен менталитетті ұстанғанды дұрыс көремін.
– Қазір кибербуллинг сияқты құбылыс жас буынға қауіп төндіруде. Жас ұрпақты бұдан қалай қорғауға болады?
– Бұл тұрғыда мектептің жасөспірім оқушыларымен жиі кездесу семинар-тренинг ұйымдастырып отырамыз. Басты мақсат – ғаламтордағы түрлі алаяқтық әрекеттерден сақтандыру. Ол үшін де жастардың тілімен жеңіл түсіндіруге тырысамыз. Психологияда миды сендіру үшін бір сөзді 100, 500 рет қайталайды. Сонда ми әбден жаттығып, сіңе бастайды. Дәл сол секілді балаларға әр кездесу сайын айта береміз. Оларға дұрыс тақырып таңдап әсерлі жеткізуге тырысамыз.  Мұндайда мысалмен жеткізу өте тиімді әдістің бірі.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен: Ақнұр САҒЫНТАЙ
29 қараша 2022 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930