» » Фахрие Эвджен сұлулығының сыры

Фахрие Эвджен сұлулығының сыры

Фахрие Эвджен сұлулығының сыры
Түрік кино өнерінің асыл тасы, миллиондаған көрерменнің көзайымы, актриса Фахрие Эвджен дара дарынымен, көз тоймас көркімен сүйсіндіреді. Ол бізге «Шымшық – сайрағыш құс» («Королек –птичка певчая») фильміндегі Фериде рөлімен, «Күзгі жапырақтар» («Листопад») сериалындағы Неджла рөлімен, «Үйім – сен» («Ты, мой дом») фильміндегі Лейла рөлімен таныс.
Кей қыздардың арманына айналған актер Бурак Өзчивитті де бейжай қалдырмаған Фахрие Эвджен сұлулығының құпиясымен бөлісті.

«Сұлулық құпиясы – жәудіреген көз бен жарқыраған күлкі. Мен күлкімнің тылсым күші барын сезінемін және бұл қаруымды жиі қолданамын. Күлкі – тартымды көрінудің ең қарапайым әрі қолжетімді тәсілі.

Шынтуайтқа келер болсақ, әр әйел заты әдемі көрінуі үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Шашы мен терісі типіне сәйкес косметика қолдануы қажет.
Бірақ жаныңызда жайлылық, жүрегіңізде тыныштық болмаса, жақсы көрінуге ешқандай косметика көмектеспейді. Көзі жарқылдап, нұр шашып тұрмаған қыз өз жасынан үлкен, кәрі көрінеді.
Салауатты өмір салты, жалынды жігер, арынды ақыл – осы үшеуін үйлестіре білген жан көпшілік назарында болары сөзсіз».
23 сәуір 2018 ж. 2 998 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930