» » Сүйек саулығын сақтауға арналған кеңестер

Сүйек саулығын сақтауға арналған кеңестер

Сүйек саулығын сақтауға арналған кеңестер
Сүйектер ағзада бірнеше функцияны атқарады: тіреу болады, ішкі ағзаларды қорғайды, бұлшықеттерді бекітеді және кальций сақтайды. Мықты әрі сау сүйектерді балалық немесе жас шағында нығайтқан дұрыс, бірақ ересек кезде де сүйек денсаулығын қорғау үшін қадамдар жасауға болады. Диета, физикалық белсенділік және басқа да факторлар сүйек салмағына қалай әсер ететіндігін қарастырайық.
Сүйек саулығы неліктен маңызды?
Біздің сүйектер әрдайым ауысып тұрады – жаңа сүйек жасалып, ескі сүйек бұзылады. Сіз жас болғанда ағза ескіні бұзғанға қарағанда жаңа сүйек жасушасын жылдамырақ жасайды, сондықтан дене массасы үлкейеді. Адамдардың көпшілігі сүйек массасының шегіне шамамен 30 жаста жетеді. Одан кейін сүйек жасушасының жаңару процесі жалғасады, бірақ сүйек массасы жиналғаннан гөрі, көбірек жоғалады.
Остеопороз ауруы (әлсіз әрі сынғыш сүйектер) пайда болу мүмкіндігі 30 жасыңызда қаншалықты сүйек массасын жинағаныңызға және одан кейін қаншалықты жоғалта бастайтындығыңызға байланысты.
Сүйектер саулығына не әсер етеді?
– Тамақтану үлесіңіздегі кальций мөлшері.Кальций мөлшері төмен диеталар сүйек жасушасының тығыздығы төмендеуіне, сүйектің ерте ыдырауына және сыну қаупінің жоғарылауына әкеледі.
– Физикалық белсенділік. Физикалық белсенді емес адамдар белсенділерге қарағанда остеопороз қаупіне душар болғыш келеді.
Темекі тарту мен ішімдік.Зерттеулер нәтижесі бойынша, темекі тарту сүйектердің әлсіреуіне әкеледі. Сол секілді мөлшерден тыс ішімдік ішу остеопороз қаупін жоғарылатады, себебі ол ағзаның кальцийді сіңіруіне кедергі жасайды.
– Жыныс.Әйелдерде остеопороз қаупі жоғары, себебі әйелдерде еркектерге қарағанда сүйек жасушасы аз болып келеді.
Дене. Өте арық адамдар (дене массасының индексі 19 және одан төмен) қауіп-қатер тобына жатады. Себебі олардың қорында жас ұлғая келе қолданатын сүйек массасы аз болып келеді.
– Жас шамасы.Жас ұлғая келе сүйектер жіңішке әрі әлсіз бола бастайды.
Дұрыс тамақтанбау.Тәбетсіздігі (анорексия) немесе мешкейлігі (булимия) бар адамдарда сүйектердің ыдырау қаупі бар. Сонымен қатар, асқазан отасы (гастрэктомия), салмақ тастауға арналған ота, Крон ауруы, Кушинг ауруы ағзаның кальцийді сіңіру қасиетіне әсер етеді.

Сүйектер саулығын қалай сақтаймыз?
Сүйектер бұзылуының алдын алу үшін бірнеше қарапайым қадамдар бар:
– Тамақтану тәртібіңізде жеткілікті кальций болуы керек.19-50 жас аралығындағы ересектерге және 51-70 жас аралығындағы еркектерге күніне 1000 мг кальций қолдану ұсынылады. Бұл шама 50 жастан асқан әйелдерге және 70 жастан асқан еркектерге 1200 мг дейін өседі. Кальций сүтті тағамдарда, бадам жаңғағында, брокколиде, орамжапырақта, сардинада болады. Егер кальций тамақпен бірге жеткілікті мөлшерде келмесе, оны қосымша ішу керек болады.
D дәруменіне мән беріңіз.D дәрумені ағзаға кальцийдің жақсы сіңуі үшін қажет. D дәруменінің жақсы көзіне тунец және сардина секілді майлы балықтар, жұмыртқаның сарысы, D дәрумені қосылған сүт жатады. Егер жеткілікті мөлшерде D дәруменін қабылдамаған болсаңыз, дәрігермен кеңесіп, қосымша ішуді қолға алыңыз.
Өзіңізді уақытылы физикалық жүктемеге үйретіңіз.Жүру, жүгіру, теннис, сатымен көтерілу секілді жүктемесі бар жаттығулар сүйектерді бекітуге және сүйек ыдырау процесін баяулатуға көмектеседі.
Зиянды әдеттерден құтылыңыз.Темекі тартуды және мөлшерден тыс ішімдік ішуді тоқтатыңыз.
massaget.kz

20 сәуір 2018 ж. 1 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031