» » Баланың есінде қалатын ата-анасының 4 әрекеті

Баланың есінде қалатын ата-анасының 4 әрекеті

Әр ата-ана баласын бақытты балалық шақпен қамтамасыз еткісі келеді. Бірақ баламызға қаншалықты көп қымбат ойыншықтар алып берсек те, қандай ауқымды мереке ұйымдастырсақ та, оның есінде қалатын бұлар емес. Ендеше, бала есіне ата-анасының қандай әрекеттерін ең бақытты сәттер ретінде сақтап қалады?

Өзіңіздің жеке балалық естеліктеріңізге қараңыз. Ойланып қарасаңыз, сыйлыққа берілген заттар немесе оған жұмсалған қаражат емес, эмоция ерекше есте қалады. Сондықтан балаға жаңа ұялы телефон алып беру немесе аниматорлары бар туған күн ұйымдастыру үшін ата-анасының көп жұмыс істегені, әдетте, баланың есінде қалмайды. Естен не кетпейді?

- Ата-ананың барынша еркін әрі бос болған кездері, яғни әкесінің қалжыңдасқаны, анасының күлгені, билегені, бақытты болғаны;
- Жоспарланбаған сапар және бірге өткізілген уақыт;
- Отбасылық дәстүрлер: анасының ұйықтарда ертегі оқып бергені, әкесімен демалыс сайын велосипед тепкені және т.б;
- Мерекеге ата-анасымен бірге дайындалғаны.

Балаға деген махаббат ақшамен немесе сыйлықтармен өлшенбейтінін түсіну маңызды. Қалжыңдау, өмірге қуана білу және одан ләззат ала білу қабілеті — бақытты балалық шақты құрудың дұрыс жолы.

massaget.kz

04 қаңтар 2022 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930