» » Байзақ бидің жайнамазы

Байзақ бидің жайнамазы

Жайнамаз айнамаз – мұсылмандықтың нышаны, тазалық пен пәктіктің мекені. Оның үстінде Жаратушыға тағзым ететін болғандықтан, оны құрметтеп жоғарыға қойған. Атақты тұлғалардың тұтынған жайнамаздарын ұрпақтары ұлықтап бүгінге дейін сақтап келеді. Қасиетті төсеніш ертеректе жай ғана матадан тігілсе, кейде арнайы тоқылып, кілемше түрінде де ұсынылған. Көненің көзін көріп, бүгінде жәдігер ретінде төрден орын алған осындай жайнамаздың бірі – тарихшы Бақытжан Мұқарамұлының үйінде.
Ол Алтын руынан шыққан Байзақ бидің жайнамазы. Байзақ би 1867 жылы атақты би, батыр атанған Уәлінің перзенті. Байзақ бидің әкесі Уәлі би Итенұлы 1798-1881 жылдары өмір сүрген. Сонымен қатар ауданда Уәлі деген жер бар. Ол 1860 жылдары салынған Уәлі құдығының орны. Бұл құдықты Қармақшы мен Жалағаш аудандарының малшылары 1975 жылға дейін қолданып келген. Кейіннен оны Байқоңырдың солдаттары көміп тастаған.
Байзақ би өз заманында ел билеген, өте беделді кісі болыпты. Көп жағдайда ақ киім тұтынып, үнемі ақ шапан, ақ шалбар киіп, беліне күмістелген қанжарды тағынып жүрген. Шөбересі Бақытжан Ахметбектің айтуы бойынша ол өзі көзі көк, мұрынды, қасы көзінің үстіне түсіп тұратын, аққұба адам болыпты.
– Өзі ел билеген тұста, яғни 1920 жылдары Ресейден Ноғай молданы алдыртып, балаларды оқытатын мешітмедресе ашып, олардың діни білім алуына жағдай жасаған. Бұл медресенің орны әліге дейін сақталған. 1930 жылы Қармақшы ауданының 1, 2, 3-ші ауылдарында, Қарабөгет деген жерде Алтын көтерілісі болады. Оны Жұмағазы молда Бәйімбетұлы басқарады. Сол көтеріліске бұл кісінің қатысы бар деп, кейін өзі бидің баласы, өзі де би деп 1932 жылы Байзақ биді Кеңес үкіметі жер аударып, Ырғыз өңіріне көшіріп жібереді. Бір жылдан соң балаларының арқасында елге оралады. Өз ортасында абыройлы болған ел азаматы 11 перзент тәрбиелеген. 1943 жылы туған мекенде өмірден өткен. Ысқақ, Әбдірәсіл, Ахметбек, Дастан, Әбузар есімді ұлдары да елге қызмет еткен жандар. Менде аталарымнан бізге жеткен Байзақ бидің жайнамазы бар. Қарап отырсам, 100 жылдан астам тарихы бар екен. Бұл – біз үшін атадан қалған құнды мұраның бірі. Сондықтан оны ары қарай да сақтап, ұрпағыма аманаттай беремін, – дейді тарихшы Бақытжан Мұқарамұлы.
Тектілік қанмен берілсе керек, ұрпақтары да тәлімді тұлғалар қатарында. Бір ғана мысал, кентімізде немересі Байзақтегі Нұрадин (1934- 1956) атында көше бар. Ол кісі Қазақ КСР-інің ең алғашқы қазақ ұлтынан шыққан жауынгер-интернационалист. 1956 жылы Венгрия көтерілісінде ерлікпен қаза табады. Байзақ бидің келесі немересі Болат Байзақов (1939- 1984) Қармақшының аудандық атқару комитетінің бастығы болған азамат. Өте білімді, беделді кісі болған.
Сонымен қатар, Жосалы кентінің маңайында Алтындардың атамекені Байзақтоғай аталып кеткен 100 гектарлық жер де бар. Ата мұрасын дәріптеп, төрінде сақтап жүрген Бақытжан Ахметбек – бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының Тарих және қоғамдық ғылымдар ака демиясының академигі.
Құнды мұраның құндылығын жоғалт пауына, келешек ұрпаққа жәдігер ретінде сақталуына сеп болып жүрген Бақытжан Ахметбектің ұлтына деген жанашырлығы осыдан-ақ көрінсе керек. Себебі өткенсіз болашақты бағдарлай алмайсыз. Сондықтан да ел өмірінен сыр шертетін қандай да бір жәдігердің біз үшін орны бөлек болмақ.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

27 қараша 2021 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031