» » Жамбылдағы жарылыс: 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Жамбылдағы жарылыс: 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады, - деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам, яғни Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ станциясының тұрғындары көшірілді. 
Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жарылыстан қаза болғандар саны 13-ге жетті.

BAQ.KZ
28 тамыз 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930