» » Арыстағы жарылыс үшін 16 адам жазаланады

Арыстағы жарылыс үшін 16 адам жазаланады


Түркістан облысы Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа қатысты күдікке ілінген әскерилер сот алдында жауап бере бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Арыстағы жарылыс

Күдіктілер саны – 16. Қазірдің өзінде жылдың ең маңызды процесі делініп жатқан Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан көп. 
Күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицерлер болған. Мәселен, № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған. Жалпы істің 400 томнан асып кеткеніне қарағанда, процесс ұзаққа созылатын түрі бар.
Былтыр 24- маусымда Арыс қаласындағы жарылғыш заттар сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болған. Апат салдарынан бір тұрғын мен екі әскери қызметкер қаза тапты. 200-ден астам адам түрлі жарақат алды. Арасында балалар да бар. Ол кезде де Арыс қаласының бүкіл тұрғындары көшірілген.
15 мамыр 2020 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930