Димаш концертінен түскен қаржының бір бөлігін Арысқа аударады

Әншінің Арнау деп аталған жеке концерті Елорда күнін тойлауға арналды. Қазақтың дәстүрлі әндері, қазақстандық және шетелдік танымал композиторлардың әндері шырқалды. Димаш өзі шығарған әндерді де орындады. Ұйымдастырушылар 64 елден жанкүйерлер келгені жайлы ақпар таратты. Телекөрермендер әншінің концертін 6 шілде күні Елорда күні қарсаңында Qazaqstan ұлттық арнасынан тамашалай алады. Айта кетейік, 24 маусым күні Арыстағы әскери қоймада жарылыс болған еді. Оқыс оқиға салдарынан 3 адам қаза тапқан. Қала толықтай эвакуацияланып, 4 күннен кейін барып оралды. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек қолдарын созуда.