» » Қазақстандық генерал Арыстағы оқ-дәрілері не үшін Байзақ ауданына тасымалданғанын айтты

Қазақстандық генерал Арыстағы оқ-дәрілері не үшін Байзақ ауданына тасымалданғанын айтты

Халық қаһарманы, Генерал Лейтенант Бақытжан Ертаев Арыстағы оқ дәрілері не үшін Байзақ ауданына тасымалданғанын, генералдар жауапқа тартылмайды деген пікірге көзқарасын айтты, деп хабарлайды  Информбюро жаңалықтар қызметі. 


Бақытжан Ертаев Қазақстан армиясында жойылуы тиіс оқ-дәрі қоры жайлы мәселеге тоқталды.
“Арыстағы қайғылы жағдайдан кейін Қарулы күштерінің министрі өте дұрыс шешімге келді. Сол жердегі инженерлік оқты Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жердегі қоймаға апарып ауыстырды. Әр жерде инженерлік дәрі-оқтар сәйкесінше болуы керек”, – деді ол.
Айтуынша, Ауған соғысынан шыққан соң бірнеше жерде қоймалар көбейтілді, соның ішінде Атарда үлкен қоймалар бар.
“Қазір жеткілікті қару-жарақ қоймалары бар. Шешім бойынша утилизация жұмыстары жүріп жатыр”, – дейді ол.
Көп жағдайда шенділер, генералдар жауапқа тартылмай жатады деген пікірге Ертаев өзінің кереғар көзқарасын алға тартты. 
“Талай генералдар жауапқа тартылды. Генерал да солдат. Мәселе оқиғаның себебінде. Неге оқиғаны тоқтатпады? Бұйрықты орындамасаң генерал соған жауапты болады. Әскери адам отан алдында сөз берген”, – дейді Бақытжан Ертаев.
29 тамыз 2021 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031