» » Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды

Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ішкі істер министрлігі ұлттық ұланның әскери қызметшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, құнды заттар да табылған. 
"27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Ж. Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды", - деді делінген хабарламада.
Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.
Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұрғанын айтқан.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.
Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.
Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.
29 тамыз 2021 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 845
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930