» » Қазақстанда 2 мың әскери адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 2 мың әскери адам коронавирус жұқтырды

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда екі мыңнан астам әскери қызметкер коронавирусты жұқтырды. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



"Армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, коронавирус еліміздің қарулы күштерін аяған жоқ. Пандемия басталғаннан бері екі мыңнан астам әскер инфекция жұқтырды. Олардың 100-ге жуығы қазір емделуде, қалғандары сауығып кетті. Өкінішке орай, бірнеше адам көз жұмды", - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ онлайн брифингінде.
Коронавирустан елімізде 10 әскери адам көз жұмған.
"Оның бесеуі әскери қызметкерлер, бесеуі мемлекеттік қызметкерлер. Олардың бесеуі коронавирустық инфекциядан, бесеуі өкпе қабынуынан. Егер Қарулы Күштердегі жағдайлардың жалпы саны 2200 болса, әскерге шақырылушылардың саны бірнеше жүзге жуықтайды. Олардың 80 пайызы симптомсыз, 20 пайызында белгілер байқалған", - деп қосты ол.
23 желтоқсан 2020 ж. 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 801

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031