» » Майталман машинист

Майталман машинист

АЛЫС САПАРҒА ЖОЛҒА ШЫҒЫП ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНА БАРСАҢЫЗ, БОЛАТ ЖОЛДА АРЫ-БЕРІ ЖЫЛЖЫҒАН КӨК ТЕПЛОВОЗДЫ КӨЗІҢІЗ ШАЛАРЫ АНЫҚ. ҰЗЫН ЖОЛҒА ТОҚТАҒАН ЖҮК ПОЙЫЗЫНЫҢ ҚҰРАМЫНАН ВАГОНДАРДЫ АҒЫТЫП, БОЛМАСА БІРІНЕ-БІРІН ЖАЛҒАП ТҰЙЫҚ ЖОЛМЕН ТИІСТІ ОРНЫНА ЖЕТКІЗІП БЕРІП ЖАТҚАН КӨРІНІСКЕ ТАЛАЙ КУӘ БОЛДЫҚ. ҮЛКЕН СТАНСАЛАРДА ЖОЛАУШЫ МІНГЕН ПОЙЫЗҒА ВАГОН ЖАЛҒАП БЕРЕТІН ҚЫЗМЕТІ ТАҒЫ БАР.

Кейде кент ішінде теміржолдың арғы бетіне өтер шақта жолды жауып, кербез жүріспен жұртты ұзақ күттіретін де осы көк тепловоз. Алайда оның шойын жолда атқарар қызметі, әр жерден вагонмен келген жүктерді түсіру алаңына жеткізу, босағанын орнынан қозғау, қайта құрастыру секілді тынымсыз жұмыстарының бәрі минутына дейін есептеулі. Ал осы маневрлік істе ең жауапты маман – машинист. Осы орайда темір жол саласына 40 жылдан аса еңбегі сіңген майталман машинист Бақытбек Қойшыбаевпен бірге бір күндік жұмысын бөлістік.
«Азанғы сағат 8-де ПЧ-58 меке месінде жолығайық» деген Бәкеңнің бірауыз сөзін құп алып, межелеген уақытта сонда жеттік. «Бізде жұмыс зор жауапкершілікті талап етеді, сондықтан бірінші кезекте медқызметкердің алдынан өтеміз. Қан қысымы мен дене қызуымызды өлшетіп, жұмысқа жарамды деген рұқсатын алғаннан кейін қызметімізге кірісеміз» деді ол жұмысын таныстырып. Темір жол саласында ауысымға түсетін барлық қызметкерлер осы жерде тексеруден өтеді. Медкабинетке кіргеннен кейін 5-10 минут демімізді алып, біз де жайландық. Себебі жылдам жүріспен келгенде жүрек тез соғады. Ол кезде өлшетуге болмайды. Бір қалыпқа келген соң медбике Жазира Ұлықбекованың тексеруінен өтіп, рұқсатын алып, күнделікті жұмыс дәптерге қол қойып келесі бөлімшеге жылжыдық. Жолай қасындағы әріптесімен таныстырды.
– Нұрсұлтан менің көмекшім. Ауысымға бірге түсеміз. Қазір 8.30-да станса бастығына жиналамыз. Сонда нұсқаулық өткізіліп, жұмыс жоспары беріледі, бізге қатысты жаңалықтар болса айтылады, – деді ол.
Бізден басқа да жұмысшылар станса бастығы Бауыр жан Баяновтың алдына жиналдық. Тапсырманы әр маманның қызметіне қарай бөліп тапсырды. Одан бөлек темір жолға қатысты ел аумағында болып жатқан жаңалықтарды талқылады. 10 минут қа созылған жиналыс осылайша нақ ты тапсырма берумен аяқталып, жұмысшылар қызметіне қарай тарасты. Мұнан шығып темір жолға қарай беттедік. «Енді басты жұмысқа кірісеміз. Анау төртінші жолдағы тепловозды көрдің бе, соны қабылдап аламыз» деді ол жайдары жүзбен. Ара-тұра алыстан көретін алып көк мәшиненің қасына жетіп бардық. Бақытбек ағамыз тепловозға мінбес бұрын түнгі ауысымнан шығып тұрған машинистен қабылдап алуға кірісті. Қолына ұзын балғасын алып, тепловозды айнала қарап, әрбір темірін ұрып тексеріп алды. Қасындағы көмекші Нұрсұлтан да мәшиненің май-суын қарап, бүгінгі жұмысқа дайындығын пысықтады. Кабинаға бас сұғып ішке де ендік. Түнгі ауысымнан шыққан жігіттерден осылайша тепловозды қабылдап алдық. Темір техниканы тұрған орнынан оталдырып берген олар, күндізгі ауысымға түсіп жатқан әріптестеріне сәттілік тіледі. Бір кезде салмақты үнмен Бәкең көмекшісіне «ал Нұрсұлтан баянда» деді. Бағанадан бері тепловоздың ішкі жабдығын қабылдап алған ол, бүге-шүгесіне дейін баяндап, көліктің жұмысқа дайын екенін айтты. Мұнан соң рация арқылы станса кезекшісіне хабарласып «Машинист Бақытбек Қойшыбаев жұмысқа дайын, қалай естіліп тұр? Бүгінгі тапсырманы айтып жіберсеңіз» деп жоспарын нақтылап алды. Осылайша сағат тоғызға дейін жұмысын тиянақтады. Уақыт болысымен «Ал біз жұмысымызға кірісеміз» деп дабылын бір-екі басып, тепловозды орнынан қозғады.
Майталман маман бұл саланы сегізінші сыныбында оқып жүргенде таңдапты. Ол уақытта Кеңестің еңбекке ерте аралассын деген заңы бойынша жұмыс істеп, қаладағы теміржол техникумына оқуға түседі. 1984 жылы машинист мамандығын алысымен, 22 сарбаздың қатарында болып, бірден әскерге алынады. Ол жақта тепловоз, пойыз жүргізеді. Екі жылдан кейін әскери борышын өтеп келген соң, аудандағы темір жолға жұмысқа орналасады.
– Мұнда бірінші машинистің көмек шісі болдым. Бір жылдан соң емтихан тапсырып, тепловоз жүргізуші қызметіне ауыстым. Міне содан бері әлі тізгіндеп келемін. Құдайға шүкір, шәкірттерім көп, бар білгенімді үйретудемін. Жалпы машинистке ар тылар жауапкершілік жоғары. Ол қырағы және барлығын білуі тиіс. Темір жол саласына қатысты басқа да мамандардың жұмысын меңгеру керек. Өйткені жолда ақау болса, жол белгілері қирап, мал өтіп жатса да бәрін стансаға хабарлап айтып отырамыз, – дейді өз ісінің маманы.
Бақытбек Қалдыбекұлы өз әріп тестерінің арасында абыройлы азамат, шебер жүргізуші. Отбасында бес бала тәрбиелеп өсірген қамқор әке. Бүгінгі күнге дейін қызметте еңбегіне қарай жоғары және облыстық алғыстармен марапатталған.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
(сурет автордыкі)

27 қараша 2021 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031