Құрылтай
» » Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма?

Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса ала ма? Бұл сауалға ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



"Вакцина алмаған студент Ashyq арқылы сабаққа қатыса алады. Егер студент ғимаратқа Ashyq арқылы кіретін болса, онда ПТР анықтама талап етудің қажеті жоқ. Олар "көк" немесе "жасыл" мәртебемен кіреді. Яғни ол "жасыл" түсті болса вакцина алған немесе таяуда ПТР тест тапсырған деген сөз", – деді комитет төрағасы.
Оның атап өтуінше, сабаққа ПТР тестінің оң нәтижесі бар студенттер және коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар жіберілмейді.
"Бірақ мынаны ерекше атап өткім келеді. Егер, жоғары оқу орындары немесе колледж студенттерінің арасында коронвируспен ауырған адам анықталатын болса, онда онымен байланыста болған, вакцина алмаған студенттер бірінші кезекте 14 күндік карантинге жіберіледі", – деді Айжан Есмағамбетова.
22 тамыз 2021 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 649
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31