» » ПТР тестті кімдер тапсырмайды?

ПТР тестті кімдер тапсырмайды?

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова «Медициналық қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер ПТР тестінен өтуі керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Оның айтуынша, ҚР Конституциясының 29-бабына сәйкес, әр адамның өзінің денсаулығына қатысты құқығы бар. 12-бапқа сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
«Осылайша, біз денсаулығына байланысты немесе қарсы көрсетілімдері бар вакцина алмаған адамдарды қорғауымыз керек. Мемлекеттік бас дәрігердің құзыреті туралы да жиі сұрақ қойылады. «Денсаулық туралы» кодексте оған шектеу шараларын енгізуге өкілеттік берілген. Бұл ретте шектеу шаралары тізбесінде ұжымдық және жеке профилактиканы міндетті түрде қолдану көзделген. Вакциналаудың коронавирус инфекциясының жеке және ұжымдық алдын-алудың ең тиімді әдісі екенін айтқым келеді», – деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Спикер ҚР Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, қызметкердің әрекеті немесе әрекетсіздігі айналасындағы адамдардың немесе қызметкерлердің денсаулығына әсер етсе, жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар екенін еске салды.
«Жұмыстан шеттету кедергі жойылмайтын сәтке дейін жүзеге асырылады. Әрине, адам вакцина алса, ол жұмысқа оралып, оффлайн форматта жұмысын жалғастыра алады. Біз қазір таңдау құқығын беріп отырмыз: вакцина алу немесе ПТР тестілеуден өту. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер ПТР тестілеуден өтпейді. Ал қарсы көрсетілімі жоқ және вакцина алмағандар міндетті түрде 7 күн сайын ПТР тесттен өтуі тиіс», – деді Айжан Есмағамбетова.

18 шілде 2021 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031