» » Халық құрметіне бөленген

Халық құрметіне бөленген

Журналистік жолда Жаратқанның қалауымен кімдермен жүзбе-жүз кездесіп, кімдермен жақыннан дидарласудың сәті түспеді десеңізші. Бәлки бұл біздің мамандығымыздың ең бір керемет тұсы болар.
Салиқалы саясаткер де, мәртебелі мұғалім мен мемлекет қайраткері де мақаламыздың арқауы. Бұған қалай марқаймассың!
Сенім арту. Арқа сүйеу. Өнеге тұту. Мұның бәрі іскерлікпен бірге адамгершілік қасиетті қоса ұстанған біртуар азаматтардың бойынан табылатын ғажайып қасиет. Жалпы иісі қазақта өмірде көп сөйлеп емес, үндемей жүріп-ақ көп іс тындыратындарды халық сыртынан "азамат" деп айдар тағып, құрметтейді. Елге осындай жақсы қырымен танылып, игі істердің ұйытқысы болып келе жатқан жерлесіміздің бірі – "Қармақшы ауданының құрметті азаматы", Қазақ­стан Республикасының "Құрметті жолшы" жоғары кәсіби атағының иегері Кендебай Кәленов.
Жастайынан құрылысшы болуды армандаған ағамыз 1974 жылы Қарағанды политехникалық институтынан "Инженер-құрылысшы" ма­ман­дығын алған. Жоғары оқу орнын бітірген жас маманның еңбек жолы Жосалы қыстағындағы №1602 жылжымалы механикалық колоннада шебер, прораб болудан басталады. Осы мекемеде жұмыс істеп жүргенінде милиция, тұрмыстық комбинат пен Ақжар ауылындағы мектеп құрылыстарын салуға қатысады. Мұнан соң Қуаңдария, қазіргі Т.Көмекбаев ауыл­дарында да қызмет еткен жылдары жаңашылдықпен еңбек ете біледі. Соның бір дәлелі – аудан көлеміндегі шаруашылық әдіспен салынған тұрғын үй және басқа да құрылыс нысандарының 35 процентін білікті маман орындап жүрді. Жыл сайын 1900-2100 шаршы метр тұрғын үй құрылысын шаруашылық әдіспен салуға басшылық етті. Сапаға мән беретін К.Бердіқұлұлы мердігер мекемелер салған мал шаруашылығы құрылысы нысандарын қабылдауға да біркісідей атсалысты. Сол кездері шалғай ауыл – Қуаңдариядағы шопан қауым қыстың күні боранда жеркепеде қыстайтын. Осындай кемшіліктерді жойып, еңбек адамына жағдай жасау­да 1984 жылы жаңа типтік үлгідегі тұрғын үйлер салына бастады. Міне бұл жұмыстардың да басы-қасында тәжірибелі кадр жүрген болатын.
Кендебай ағамыз ауысу тәртібімен ауылшаруашылық басқармасында, басқа да бөлімдерде бірқатар құрылыс жұмыстарының дұрыс жүруін бақылап, сапалы салынуына өз үлесін қосты.
1990 жылы ол аудандағы жол жөндеу, пайдалану басқармасына бастық болып тағайындалады. Осы басқармада да көптеген жұмыстар атқарды. Республикалық, облыстық маңыздағы автожолдарға күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Тындырымды басшылықтың арқасында өңірдегі 321 шақырым автожолдың сапасы жақсарды. Қармақшы жол жөндеу және пайдалану басқармасы жұмыс көрсеткіштері бо­йынша өз саласында облыста алдыңғы қатарға көтерілді. Аталған басқарма кейіннен "Қармақшы жолдары" ЖШС болып өзгеріп, К.Кәленов басшылық еткен ұжым облыс көлемінде абыройлы еңбек етіп келе жатқан мердігерлердің бірінен саналды.
Бүгінде ел ағасы зейнет демалысында. Кәленовтер отбасын қайсыбір ортада болмасын адамгершілік қасиетімен, жанұялық берекесімен ауыл-аймағына үлгі болып отыр десек артық айтпаған болар едік. Жеңгеміз білім саласының ардагері Күлия Нұрмағанқызымен бірге тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары мен немерелерінің ортасында отырған бақытты ата. Балалары – Қуаныш полковник, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде қызмет етсе, Әлия – ұлағатты ұстаз. Бағдат – облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, Ғалымжан – техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы. Алмат – №6 облыстық олимпиадалық резерв мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ата-анадан алған өнегесімен елге адал қызмет етуде.
Саналы өмірін халқына қызмет етуге арнаған ағамыздың жасы жетпістен асса да қоғамдық жұмыстардан қалыс қалып көрмепті. Өкшесін басып келе жатқан орта буын мен әркез үлкендердің ақылына жүгінетін жастарға аталық кеңесін беруден жалыққан емес. Сондай-ақ қазақтың қанына сіңген қайырымдылық қасиет те Кендебай Бердіқұлұлының бойынан табылады.
"Кәленов Кендебай ағамыз аудандағы "Дәметкен ана" орталығына спорттық жабдықтармен қатар, емдік кабинетке қабырғалық айна тарту етті. Қайырымдылық істеріңізге алғыс айтамыз. Бұл орталықтағы 25 баланың оңалту іс-шараларына үлкен үлес болды" деп әлеуметтік желіде "Дәметкен ана" орталығы ризашылық білдірген жазба қалдырса, Жосалы кентінің әкімшілігі де "... Бүгінде Кендебай Бердіқұлұлы Қызылорда қаласында тұрса да тұрмысы төмен, көпбалалы, қолдауды қажет ететін отбасыларына әрдайым қолынан келгенше қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған. Бұл бір жағынан сауапты іс болса, екінші жағынан ұрпағына тәрбиелік мәні бар өнеге. Рамазан айында Жосалы кентіне арнайы келіп, аналарынан ерте айырылған екі отбасының балаларына сауабы мол амал жасады. Халық берген "Құрметті азамат" атағына дақ түсірмей, алмақтың да салмағын таразылап, сол атаққа лайықты болу екінің бірінің қолынан келе бермес. Бұл – әрқашан халықты өзінен жоғары қойған азаматтарға ғана тән қасиет. Кендебай ағамыз атын атауды жөн санамаса да бұл постты өзгелерге үлгі, өскелең ұрпаққа тәрбиелік сабақ болсын деген ниетпен желіге жариялап отырмыз" деп фейсбукке алғыс айту жазбасын жүктепті.
Имандылықта "Адамдардың ең қай­ыр­лысы – ол өзгеге пайдасы ти­гені" деген бар. Кендебай ағамыздай азаматтарға қарап бой түзеп, жақсы қасиетін ала білген інілері ол кісінің елге істеген игі істерімен қатар, кісілік келбетін қайтара айтудан шаршамайды.
– Кендекең еңбектің адамы. Ауданда ірі өндіріс ошағы болмаса да, қызмет көрсету орындары бұрыннан дамыған. Сондай қызмет көрсетудің бірі – жол болып табылады. Жол – экономиканың күретамыры десек, Кендебай ағамыз ДРЭУ мекемесін ұзақ жылдар абыроймен басқарды. Біздің өңіріміздің жолдары қай кезде де жаман болмаған. Осы жұмыстарды ұстап тұруда ағамыз басқарған мекеменің үлкен үлесі жатыр. Одан бөлек, сол уақытта басшылық құрамда жүрген азаматтардың дені тек қана өзінің мамандығы немесе саласына ғана емес, биліктің, мемлекеттің сая­сатын да халыққа жеткізіп, азаматтық танытқанын атап айтуымыз керек. Олардың арасынан елге айтары, жеткізері бар Кендекеңнің де есімін құрметпен атауымызға әбден болады. Ол кісі сонау шалғайда жатқан елді мекендердегі қойшы ауылдарға жол тарту жұмыстарына белсене атсалысқан адам. Бір сөзбен айтқанда, ауданның қалай дамып, қалай өсіп келе жатқанының барлығы да ағамыздың көз алдында өтіп келеді. Сол себепті де аудан туралы, аудан халқының жай-күйі туралы да жақсы білген жан. Сондықтан да болар, ол өте құрметті, өте сыйлы азамат. Кендекеңнің елге жасаған еңбегі мен кейінгі буынға көрсеткен өнегесі ескеріліп, аудандық мәслихаттың шешімімен "Қармақшы ауданының құрметті азаматы" атағы берілген. Ағамыздың бір қыры – өзінің отбасы, әулеті. Қандай балаларды өсіріп, тәрбиеледі. Қазір олардың бәрі еліміздің бірқатар саласында адал қызмет атқарып жүр, – дейді аудандық мәслихаттың хатшысы Әділ Қошалақов.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА

19 маусым 2021 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031