» » Ертең бөрісырғақтың соңғы күні

Ертең бөрісырғақтың соңғы күні

Айнұр ӘЛИ:  Кеше Жосалыда ауа райы түс ауа алай-дүлей болды. Жаңбыр араласа қар жауды, жел соқты. Кеш бата қар борап, таң ата аяз үскірігінен аяқ алып жүру мүмкін емес. Бұл құбылыс тек бізде емес. Елдің басым бөлігінде ауа температурасы күрт түсіп, аяз сықырлап тұр. Аяқ астынан не болды екен дерсіз. Енді мына қызықты қараңыз. Ақпан айының 17-25 аралығында бір амал бар. Ол – бөрісырғақ. Қазақ ұғымында ат құлағы көрінбейтін борандар осы айда күш алады деп болжаған. Сол үшін ақпанды «Бөрісырғақ» деп атаған. Яки ай аяғындағы сырғақ пен қатты боранды күндерінде қасқырлардың ұйығуы басталады екен. Ғаламтордың мәліметінше, сырғақ деп – бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршіктерін айтады. Көне көз қариялар бұл амалдың атауы осы бөріге байланысты екенін айтады. Бөрісырғақта күн суытып, ызғар күшейіп, қар жауып, ауа-райы борандатып кетеді. Амалдың «Бөрісырғақ» аталуының себебі: қасқырдың «жерік айында» болуы. Бұл амал басталғанда қаншығы күйлеп, арланы мен қаншығы жұптасады. Қасқырлар бір-ақ рет жұп құрады. Жұпқа түсетін қасқырдың арланын – бөрі дейді. Бөрі өзінің үйірін құрайтын қасқырлардың аналығын таңдауда жаңылыспауы керек. Ол өзінің жұпасатын қаншығын жазбай тануы керек. Бөрінің таңдауы түскен қаншықты «бөрте» дейді. Бөрте күшігін 63 күн көтереді. Қарақұлақтарын сәуір айының аяғында туады. Қыс ішінде қасқыр (бөрте) күшіктемейді. Қасқырдың үйірін – әуек дейді. Осы әуекте шамамен жиырма-отыз қасқыр болады. Сол қасқырлардың барлығы бірдей бөрі бола бермейді екен. Қасқырлардың тұқым шашатыны біреу болады, сол біреуді «БӨРІ» дейді. Бөрі мен бөрте басқа мақұлықаттар сынды ашық, кез келген жерде жұптаспайды. Олар әуектен (үйір) бөлініп, көзден таса жерде жұптасады. Қасқырлардың ұйығуы бір жетіге созылған ат құлағы көрінбейтін ақпанның ақырған боранды кезінде болады. Осы «Бөрісырғақ» амалы ақпан айының 17-25 аралығында өтеді. Бұл күндері қасқырлар көзге түскендерді аямайды. Басқа күндері мал мен адамға көп соқтыға бермейтін, адам көрсе жақындай қоймайтын дала тағылары осы амалда көздері қанталап, былайғы «әдептерін» ұмыт қалдырады. Адам болсын, мал болсын жолынан шыққанды жайратып салып, кете береді. Ал сіз бөрісырғақ жайында естіп пе едіңіз?
24 ақпан 2021 ж. 2 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031