» » «Жамау-жасқау» айы кірді

«Жамау-жасқау» айы кірді

Әне-міне дегенше қараша айы да кірді. Ал күз басталғалы ауа райы әлі сол, құбылып тұр. Бұл айда әртүрлі амал бар, күн райында тұрақтылық жоқ. Бір күн жылы болса, екінші күн тіпті суық. Аяқасты жадырап күн шығып, жылы шуағын шашып қояды. Күз бен қыстың арасындағы осындай өтпелі кезең – Қараша айын қазекең «Жамау-жасқау» айы деп атаған.
Өткен жексенбіде айды көрдік. Алдындағысындай тік емес, бірақ шалқалап та тұрған жоқ. Сәл көлбеу туылыпты. Бұл ауа райының салқындайтынын, ызғарлы күндер алыс емесін байқатқандай. Онымен қоса шуақты күндердің болатынын да аңғартады.
28 қазаннан бастап Кіші қараша амалы кірді. Амалдағы өзгеріс – ауа райы құбылып, бұзылады. Қар аралас жауын-шашын, үскірік жел болып, күздіктегі малшыларға қиындық туғызады. Бұл амал 8 қарашаға дейін жалғасады. Қараша туысымен құстар жылы жаққа қарай ұшып, мекеніне қайта бастайды. Алғашқы қар түседі, күн суытып, өзен, көлде мұз қатады. Қарашада құстардың қайтуына, қараша айының қайта келуіне байланысты жылдың осы мезгілін «қарашаның қайтуы» деп атаған. Міне, осы екі амал қатарласа келеді. Ал "жамау-жасқау" айы деп неге аталды екен?
Қазақ халқы әр амалға ат қойғаны сияқты, әр айға да атау қойған. Айталық, қарашаны – жамау-жасқау айы деген. Десе дегендей, күз бен қыстың аралығындағы өтпелі кезең болғандықтан бұл айда әртүрлі амал бар. Өйткені бұл уақытта ауа райы қолдан тіккен түрлі-түсті құрақ көрпеше секілді әртүрлі, құбылмалы болады. Бәлки, жамау-жасқау деп аталғаны содан болар?!
Тағы бір айта кетерлігі, бұл кезең мал семіретін мезгіл. Себебі бұл уақытта мал жейтін өсімдіктің барлығы, жусан да пісіп, уылжиды. Малдың айтарлықтай қоң жинауы қыстан қысылмай шығуына мүмкіндік береді. Ертеде салық малын осы айда жинаған. Оны халық «қараж», «қаражшы» деп атапты. Бұл қаражат жинаушы деген мағынаны білдіреді. Осыдан соң қараша атауы қалыптасқан. Алдыңғы күз айлары – алтын күз, жылауық күз, мырза күз деген бөліктерден тұрса, ендігі қара күз қалды. Ол осы – қараша айы.
Күз десе алдымен ойымызға сарғайған жапырақ, сұсты суық пен нөсерлі жауын оралады. Биыл жапырақтар сарғая сырғып әсем этюд қалдырғанымен жауын-шашын тіпті аз болды. Бұл алдымен сыр диқандарының еккен өнімін төкпей-шашпай жинап алуына мол мүмкіндік туғызды. Алайда қазан айының соңғы желі қабаттаса көрініс беріп үлгерді. Ендігі қараша айы таңертеңгілік және кешкілік уақытта суық жел соғып, күннің жылуы күрт азаюына әкеледі. Бұл мезгілде ауа райының аумалы-төкпелі екенін ескерсек, жауын-шашын болуы мүмкін. Бірақ күн көзі де тұмшаланбайды. Есесіне, шуақты сәттер азайып, аяқасты күннің суытуы күздің соңғы айында заңды құбылыс. Не дегенмен, қараша қыстың есігі ғой.
Айнұр ӘЛИ
03 қараша 2020 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031