» » Қыс "шілдесі" қашан?

Қыс "шілдесі" қашан?

Қыс "шілдесі" дегенді естіп пе едіңіз? Бұл – қаңтардың соңғы 15-нен 29-ы күндеріндегі аяз. Бұл кезде қыс күшіне еніп, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Қазақ мұны «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Бұл уақытта малды да, жанды да қыс аязы қаңтарып қояды. Ал халық есепшілерінің пайымынша, Үркер мен Ай арасындағы бұрыш тіктөртбұрыш жасап орналасса, қыс шілдесі уақыты басталады деп есептеген.

"Бөрі сырғақта" қаңтар айында ат құлағы көрінбейтін боран соғады. Қаңтардың қатты аязы 18-нен 19-на қараған түні қасқырдың арланы мен ұрғашысы жұптасады. Осы түн әлемдегі барлық заттың тазару түні, әсіресе судың ең тазаратын уақыты деп есептеледі. «Бөрі сырғақ» деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмайды екен, сырғанап ұшып кетеді. Ертеде бабаларымыз осы күнгі сумен нәрестені қырқынан шығарып, жүкті әйелдер жуындырған нәрестелер қасқырдай батыр болады деп ырымдаған. Екі-үш күннен бері ызғарлы жел соғып, жерді құрғатып жіберді. Әлгінде айтқан қыс шілдесінің келгені осы ма дестік. Бүгін 16 қаңтар. Ал ауа райы болжамы алдағы апта күннің сынып, +8 градусқа дейін күрт жылитынын айтады. Алайда бұл тек болжам ғана.

Айнұр ӘЛИ
16 қаңтар 2021 ж. 5 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930