» » Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның тоғыз облысында қалың қар, тұман, бұрқасын мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  "Қазгидромет".

Дәрігерлер 82 жастағы әжейдің құтқарып қалды
Нұр-Сұлтанда 15 қарашада қар жауады, боран соғады.
15 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде қатты қар жауады, тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Көкшетауда боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.
Ертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 метр, күндіз таулы аудандарда секундына 25 метр жел тұрады. Шымкентте 15 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. ңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр дейін жетеді.
Бұл күні Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып,  күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
15 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қостанайда күндіз солтүстік-шығыстан секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады.
14-16 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, 15 қарашада екпіні секундына 23-28 метр жылдамдыққа дейін жетеді.
Таразда 14-16 қараша күндері тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 14, 15 қарашада солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.
14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 14 қараша күндіз, 15 қараша түнде оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
15 қараша 2020 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930