» » Жүрегі ауыратындарға нені тұтынуға болмайды?

Жүрегі ауыратындарға нені тұтынуға болмайды?

Қуырылған тамақты көп жеген адам жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығуы мүмкін. Бұл жайлы Heart журналында жарияланған зерттеуде айтылған.

Қуырылған тамақтың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында Қытай ғалымдары екі бағытта талдау жасап, мәліметтерін салыстырған. Ең алдымен 17 зерттеуге қатысқан 562 мың адамның мәліметтерін алып, қуырылған тамақтың жүрек пен қан тамырына қалай әсер ететінін талдаған.

Содан кейін өлім жағдайын зерттеген 6 зерттеу жұмысын алып, 755 мың адамның мәліметтерін тексерген.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, қуырылған тағамды көп жейтіндердің инсульт пен инфаркқа шалдығуы 28%-ға, жүрек ауруына шалдығуы 22%-ға, жүрек кемістігіне шалдығуы 37%-ға көбейетіні белгілі болған. Яғни қуырылған тамақты көп жегенде жүрек және қан тамыры ауруларына жиі шалдығады.

Зерттеушілердің айтуынша, тағамдардың арасында қуырылған картоп пен балық етінің нәтижелерін ғана талдаған.

"Сондықтан қуырылған тамақтың адам ағзасына зияны жайлы толық зерттеу жүргізілді деуге болмайды", - дейді ғалымдар.

02 ақпан 2021 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728