» » Қармақшылық үшем

Қармақшылық үшем

БІЗ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ ЖИІ БОЛМАСА ДА ЕГІЗ ЖАНДАРДЫ КЕЗІКТІРІП ЖАТАМЫЗ. АЛ ҮШЕМ, ТӨРТЕМДЕРДІ КӨРГЕНДЕ ТАҢДАНЫСЫМЫЗДЫ ЖАСЫРА АЛМАЙ ҚАЛАТЫНЫМЫЗ БАР. ОЛАРДЫҢ БЕТ-ӘЛПЕТІ, ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ БІЗГЕ ТАҢСЫҚ.

Иә, дүниеге бірден екі не бірнеше сәбиді өмірге әкелу Жаратқанның тамаша тартуы емес пе?! Міне, осындай әсерлі оқиға осыдан тура жиырма жыл бұрын Сәбит аға мен Жаңагүл жеңгейдің отбасында орын алып еді. Ақерке, Назерке, Жазерке сынды үшем қыздар дүние есігін ашып, сол жылы шаңырақ шаттығын кіргізіп, көркін келтірген-ді. Ал енді бүгінде олар бойжетіп, білімін жетілдіріп, әрқайсысы әр саланың маманы болды. Айталық, Назерке Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университетінде ма тем атика пәні мұғалімі ма мандығында оқиды. Ал Ақерке мен Жазерке Қызылорда меди циналық колледжінде мейірбике мамандығын бітірген.
Үшемдердің әкесі Сәбит Тайшықов Жосалы техникалық қызмет көрсету бақылау бе кетінде вагон қараушы, жөндеуші қызметін атқарады. Ал отанасы Жаңагүл Елібаева 5 баламен зейнетке шыққан.
Өмірге ұрпақ әкелу әйел-ананың басты міндеті. Әрине, оларды дүниеге әкелудің де өз қиындығы бар. Ал үшемдерді тоғыз ай құрсақта көтеріп, қиындығына мойымай келген ананың ерлігіне қалай бас имеуге болады?! Осы орайда қармақшылық үшемдермен тілдесудің де сәті түсті. Әдетте егіздердің бір сыңары пысықтау келсе, ал екіншісі жуастау келеді деп естіп жатамыз. Ал үшемдерде бұл қалай болады екен?
– Бізден көбі мінез ерекшелігін сұрайды. Әрине, үшеуміздің мінезіміз үш бөлек. Менің мінезім ашық. Кез келген ортада тез тіл табысып кетемін. Ал Назерке көңілшек әрі көнбістеу. Арамыздағы ең мінезі жайлысы да осы. Кенжеміз Жазерке пысық, епті. Үнемі көңілді жүреді. Мінез жағынан біз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз, – дейді Ақерке.
Үшемдердің кенжесін де әңгіме тарттық. Ол үнемі әпкелерінен қолдау көретінін айтады. Қандай жағдай болмасын қол ұшын беруге даяр егіздерінің барын мақтан тұтады.
– Ойланып қарасам, бұл расымен қызық сезім. Қасыңда әрдайым өзің сияқты ойлайтын екі адамың бар. Кез келген қиындықта көмек сұрай аласың. Ешкімге айта алмаған сырыңды айтасың. Ең бастысы сені әрқашан қолдайды, – дейді Жазерке.
Сәби – періште ғой. Ал періште қашанда жақсылық хабаршысы. Перзент аңсап жүрген жандар осындай үшеммен сүйіншілесе деген тілек бар.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
16 қаңтар 2021 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031