Есімнің мәнін ескерген жөн
Балаңызды қалай атайсыз? Сұрақты төтесінен қоюым тектен-тек емес. Бәлки атымен атарсыз, мүмкін еркелету сөз айтарсыз. Осылай істесеңіз құба-құп. Мәселе баланы өз атымен шақырудан басталып тұр.
Бірде ұлымды еркелетіп түсірген видеоны әлеуметтік желіге жүктеген бойым. Іле-шала студент кезде бірге оқыған құрбым «Баланы тым жақсы атымен неге атамайсыңдар? Сенікі ұл бала. Оны «Айшо» деп еркелетуің дұрыс бола қоймас. Ер жігітті жастайынан жасқаншақ етіп аласың» деп дүрсе қоя берді. Апырмай,ә? Рас екен-ау.
Мұны естіп біраз абдырап қалдым. Күнделікті еркелетіп, айтып жүргенім мағынасы жоқ бос сөздер екен. Ой үстінде отырғанымда Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында жазылған арқадан қағу мен бастан сипау турасындағы әңгіме ойға оралды. Иә, қазақ ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Керісінше, арқасынан қаққан. «Басынан сипау – ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызып, төмен қарап жүретін жасық болады» деп түсінген. Еліне қорған болатын, шаңыраққа ие жігіттің жігерсіз, ынжық болғанын әсте қаламайды. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз – жатжұрттық, қыздың бағы – үйде емес, түзде. Ол басқа босағаны аттап, сол үйдің түтінін түтетіп, өмірге ұрпақ алып келеді. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-талайы қалай болады?» деп алаңдап басынан сипап, аялаған. Содан басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне тіке қарамай, қызға тән биязы мінез қалыптасады деп тұжырым жасаған.
Бірді айтып, екіге кетіп қалып жатырмыз. Әу бастағы айтпағым мынау – баланы өз атымен һәм азан шақырып қойған есімін атау керек. Қысқа ат дейміз бе, жоқ әлде еркелету дейміз бе, қалай десек те мұның дұрыстығына күмән басым.
Күнделікті өмірде Даниярды «Дәнөк», Кәмшатты «Кәмөш» дейміз. Зер салып қараңызшы, қайсысы әдемі? Әрине, өзінің аты дұрыс. Ал өзіміз икемдеп алған аттарымыз жұмсақ естілгендей әсер етуі мүмкін. Дей тұра бұл адамның мінез-құлқына да әсерін тигізеді. Мәселен, біраздан бері сізді «Айко» деп шақырып жүріп, бір күні Айгүл десе, біртүрлі, оғаш болып тиеді. Өкпелеп қалуыңыз да ықтимал. Неге? Себебі сіз мұнан салқынқандылықты байқайсыз. Құлағыңызға үйренген әлгі ат сіздің шынайы атыңыздай көрінеді-ау.
Бір досымыздың баласын барлығы «Сәкөн» дейді. Шын атының кім екенін расымен білмеппін. Содан әлгі баланың атының кім екенін білгім кеп сұрасам, «Сейіткамал» екен. Баланың әп-әдемі атын осылай қор қылып жүрген жоқпыз ба деген ойға қалдым.
Мынаған зер салыңыз. Бала есімін қоюға қатысты қазақтың салт-дәстүрін зерттеген Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланың аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімін де беретіндер болған. Бірақ олардың есімін әке-шешесі көтере алмайды деп ержеткенше жасырып, еркелетіп басқаша атап жүреді. Себебі, бала сол есім жүктейтін ауыр міндетті көтере алмай, қиналуы ықтимал деп жорыған». Мұнда баланың болашағын ойлап, атын жасырып, еркелету орынды болмақ.
Халқымыз балаға ат қоярда, сол есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, сақтықпен қарап, ырымдаған. Сонымен қоса ырымның қырын кетпеуін қадағалаған. Баланы дұрыс атамай жүргеніміз оның келешегіне зиян келтірмес пе екен? Бір сәт ойланайықшы...
Бірде ұлымды еркелетіп түсірген видеоны әлеуметтік желіге жүктеген бойым. Іле-шала студент кезде бірге оқыған құрбым «Баланы тым жақсы атымен неге атамайсыңдар? Сенікі ұл бала. Оны «Айшо» деп еркелетуің дұрыс бола қоймас. Ер жігітті жастайынан жасқаншақ етіп аласың» деп дүрсе қоя берді. Апырмай,ә? Рас екен-ау.
Мұны естіп біраз абдырап қалдым. Күнделікті еркелетіп, айтып жүргенім мағынасы жоқ бос сөздер екен. Ой үстінде отырғанымда Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында жазылған арқадан қағу мен бастан сипау турасындағы әңгіме ойға оралды. Иә, қазақ ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Керісінше, арқасынан қаққан. «Басынан сипау – ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызып, төмен қарап жүретін жасық болады» деп түсінген. Еліне қорған болатын, шаңыраққа ие жігіттің жігерсіз, ынжық болғанын әсте қаламайды. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз – жатжұрттық, қыздың бағы – үйде емес, түзде. Ол басқа босағаны аттап, сол үйдің түтінін түтетіп, өмірге ұрпақ алып келеді. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-талайы қалай болады?» деп алаңдап басынан сипап, аялаған. Содан басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне тіке қарамай, қызға тән биязы мінез қалыптасады деп тұжырым жасаған.
Бірді айтып, екіге кетіп қалып жатырмыз. Әу бастағы айтпағым мынау – баланы өз атымен һәм азан шақырып қойған есімін атау керек. Қысқа ат дейміз бе, жоқ әлде еркелету дейміз бе, қалай десек те мұның дұрыстығына күмән басым.
Күнделікті өмірде Даниярды «Дәнөк», Кәмшатты «Кәмөш» дейміз. Зер салып қараңызшы, қайсысы әдемі? Әрине, өзінің аты дұрыс. Ал өзіміз икемдеп алған аттарымыз жұмсақ естілгендей әсер етуі мүмкін. Дей тұра бұл адамның мінез-құлқына да әсерін тигізеді. Мәселен, біраздан бері сізді «Айко» деп шақырып жүріп, бір күні Айгүл десе, біртүрлі, оғаш болып тиеді. Өкпелеп қалуыңыз да ықтимал. Неге? Себебі сіз мұнан салқынқандылықты байқайсыз. Құлағыңызға үйренген әлгі ат сіздің шынайы атыңыздай көрінеді-ау.
Бір досымыздың баласын барлығы «Сәкөн» дейді. Шын атының кім екенін расымен білмеппін. Содан әлгі баланың атының кім екенін білгім кеп сұрасам, «Сейіткамал» екен. Баланың әп-әдемі атын осылай қор қылып жүрген жоқпыз ба деген ойға қалдым.
Дін не дейді?
Асыл дінімізде жаңа туған сәбиге азан шақырып ат қою рәсімі бар. Басқа дүниеде жан мен тәні адасып қалмасын деп сәбидің құлағына үш рет есімін атайды. Дініміз де адамды өз атымен атағанды құп көреді. Кісіге лақап ат беруден гөрі өз есімімен атаған жөн.«Жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман? Ал кім одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар» («Хужурат» сүресі, 11-аят). Мамандар не айтады?
Психологтар адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Иә, антропономика ғылымының мамандары мен психологтар адамның атымен бірге оның тағдыры жазылады деген пікір айтады. Сонымен қатар адам өз есімін бала кезінен қалай қабылдаса, өмірі соған орай қалыптасады. Сол себепті балаға мағыналы ат берген абзалырақ. Кей жағдайда бала есімінің не мағына беретінін білмей әрі түсініксіз болғандықтан өз атынан намыстанатын тұстар болады. Жоғарыда айта кеткен атаулар осыған бір дәлел. Бұл баланың өз ортасында мазаққа айналуы мүмкін. Сонымен қатар есімін қабылдай алмай, есейе келе мүлдем бас тартуға мәжбүр болатын жайттар да кездесіп жатады.Мынаған зер салыңыз. Бала есімін қоюға қатысты қазақтың салт-дәстүрін зерттеген Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланың аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімін де беретіндер болған. Бірақ олардың есімін әке-шешесі көтере алмайды деп ержеткенше жасырып, еркелетіп басқаша атап жүреді. Себебі, бала сол есім жүктейтін ауыр міндетті көтере алмай, қиналуы ықтимал деп жорыған». Мұнда баланың болашағын ойлап, атын жасырып, еркелету орынды болмақ.
Қызық дерек
Адам атына планетаның ықпалы жайлы естіп пе едіңіз? Астрологтар пікірінше, адам есімінің әрбір әрпі белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екенін, оның мінез бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады. Мәселен, Гүлім – басқы әріпі «г» Юпитер планетасы, кеңпейіл, оптимист сынды қасиет. Халқымыз балаға ат қоярда, сол есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, сақтықпен қарап, ырымдаған. Сонымен қоса ырымның қырын кетпеуін қадағалаған. Баланы дұрыс атамай жүргеніміз оның келешегіне зиян келтірмес пе екен? Бір сәт ойланайықшы...
Ақнұр САҒЫНТАЙ