» » Ауырғанға - аспирин

Ауырғанға - аспирин

Кешегі індет өршіген тұста аспирин жайлы халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі – пайдалы десе, енді бірі – зиянын айтып дабыл қақты. Ал сіз білмейтін аспириннің пайдалы тұсы қандай?
Америка ғалымдары Covid-19 кезінде аспирин ішу инфекциядан көз жұму қаупін төмендететінін анықтады. Бұл ақпаратты Daily Mail сайты бөлісті.
АҚШ-тағы Мэриленд университетінің Медицина мектебі дәрігерлері анықтағандай, емделуге жатқан пациенттер ішінде осы препаратты тұрақты түрде қолданатын науқастардың коронавирус кеселінен көз жұму ықтималдығы 47 процентке төмен деген. Аспиринді ішетін пациент пен бұл препаратты қолданбайтын емделушіні салыстырылған. Зерттеу нәтижесі дәрігерлерді таң-тамаша қалдырыпты. Аспирин қабылдаушылар интенсивті терапия бөліміне 43 процентке түскен және тыныс алу аппаратын 44 процентке азырақ қажетсінген. UMSOM анестезиология кафедрасының доценті Джонатан Чоудың айтуынша, егер аспириннің тиімділігі мейлінше дәлелденсе, онда ол коронавируспен күресте ең арзанға түсетін "қаруға" айналар еді.
Зерттеушілер нақты көрсеткішке қол жеткізу үшін Covid-19 дертін жұқтырған 412 науқастың медициналық жазбасын қадағалауға алғанын айта кету керек. Бұл науқастар Балтимордағы Мэриленд универтитетінің медициналық орталығына емдеуге жатқызылған. Олар пациенттердің жас ерекшелігі, жынысы, ұлты, дене салмағының индексі, гипертония мен диабеттің болу-болмауы секілді бірнеше факторды есепке алған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ең бас­тысы, аспирин пациенттердің өлімге душар болу, сондай-ақ қатты қансырау секілді асқыну тәуекелін төмендеткен.
Ғалымдар коронавирус індетінің жүректе, өкпеде және қан тамырларында тромбтың пайда болуына әкеліп соғатыны дәлелдеген. Мұндай қан ұйығы инсультке, жүрек талмасына себепкер болуы ықтималдығын да айтып отыр. Ал аспирин қанды сұйылтып, оның қоюлануының алдын алады. Сарапшылар пікірінше, Covid-19 асқынған ағзаға пайдасын ғана тигізеді. Дей тұрғанмен, зерттеушілердің алға тартқанындай, аспириннің коронавирустың алдын алу үшін қолдануға арналмағанын ескеру керек. Ол дерті бет бақтырмай, асқынудың алдында тұрған науқастарға ғана көмектесе алады. Айта кетерлігі, бұл кей адамдарға кері әсер етуі де бек мүмкін.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 қараша 2020 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031