» » Аспириннің пайдасы қандай?

Аспириннің пайдасы қандай?

✅ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады. 

✅ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала. 

✅ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай. 

✅ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді. 

✅ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.
22 мамыр 2018 ж. 1 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

09 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 236

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031