Зергерлік бұйымдарыңыз жаңа тәрізді жарқырап тұрсын десеңіз

Ол үшін:
1 ас қасық тұз
1 ас қасық ас содасы
1 ас қасық ыдыс жууға арналған құрал
1 стакан су
Альюмин фольганың 1 бөлігі
Микротолқынды пеште 1-2 минут суды қыздырып алыңыз.
Фольганың бір бөлігін алып, стаканның түбіне салып қойыңыз.
Кейін ыстық суды стақанға құйып аласыз. Содан соң 1 ас қасық тұз, ас содасын, ыдыс жууға арналған құралды құйып , суға қосыңыз. Зергерлік бұйымдарды стакан ішіне салып, 5-10 минутқа қоя тұрыңыз.
Судан алғаннан соң зергерлік бұйымдарды қоңыр салқын суда жуып алып, жұмсақ матамен жақсылап сүрту қажет.
Іске сәт!
Пікір 1