» » Аспиринмен безеуді кетіруге болады

Аспиринмен безеуді кетіруге болады

Аспиринмен безеуді кетіруге болады
Аспиринді білмейтін адам жоқ. Оны жұрт ауруды басуға жиі қолданады. Дегенмен оның басқа да пайдалы қасиеттері бар екен.
Мысалы, оның безеуге қарсы да пайдасы бар. 1 түйірін езіп, бірнеше тамшы сумен араластырып, пастаға ұқсас күйге енгесін безеуге жағып қояды. Мұны ұйқыға жатарда істеу керек. Ертеңіне бетті таза сумен шаяды. (Мұндай «масканы» тым асқынып тұрған безеуге жағуға болмайды).
Бетке маска жасауға да болады. 5 түйір аспиринді уақтап, 2 ас қасық таза айранға араластырады. Содан соң оны бетке жағып, 20 минуттан соң жақсылап жуып тастау керек. Ылғалдандыратын крем жағуға болады. Мұндай емді 15 күн жасағасын үзіліс жасау керек. Бұл әдіс бет терісін жұмсарту үшін пайдалы.
Аспиринді маса шаққан кезде де қолданылады. Ол үшін 1 түйір аспиринді уақтап, 1 қасық суға араластырады да, жәндік шаққан жерге жағады.
Аспиринді шашты жылтырату үшін де пайдалануға болады. Ол үшін 8 түйірін уақтап, 1 шыны жылы сумен араластырады да, оны шаштың түбіне жағады. 15 минуттай ұстау керек.
Егер киім жуғанда, онда сабын ізі қалып кетсе, аспиринді оған қарсы да қолдануға болады. Ол үшін 5 түйірін уақтап, сұйық тазалағышпен араластырады. Сосын оны ластан­ған жерге ұнтақтай сеуіп, 30 минуттан соң таза матамен ысқылап сүрту керек.
Ол қолтық астынан шығатын қолаңса иісті жояды. Жарты стақан жылы суға 2 түйірін ұсақтап салып, жақсылап араластырып қолтыққа жағу керек. 1 сағаттан соң қолтықты таза сумен ұқыптап шаяды.
Аспиринді қайызғақтан құтылу үшін де қолданады. 2 түйірін уақтап, сусабынмен (шампуньмен) қоса араластырып, шашты жуады.
Аспириннің бір капсуласын суға салып қойса, онда тұрған гүл де біраз уақытқа дейін солмай тұрады. Яғни оны вазаға тұтастай салу керек, өзі ериді. Ол гүлге біраз уақытқа дейін солмай, жарқырап тұруға мүмкіндік береді.
31 наурыз 2018 ж. 1 836 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 05:41
Lasix No Prescription Overnight Cialis 2.5 Mg Price Viagra Ohne Rezept In Berlin viagra prescription Propecia Con Como Hacer

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031