» » Баспананыңызды сақтандыруға айына 87 теңге қия аласыз ба?

Баспананыңызды сақтандыруға айына 87 теңге қия аласыз ба?

Бірде отбасымен бірге ауылдан демалып келген Санжар үйінің жағдайын көріп, абыржып қалды. Бұған себеп - бірнеше күн бұрын жоғарғы қабаттағы көршісінің құбырының жарылуы. Төбеден аққан су жаңа жиһаздан бөлек, жақында несие алып жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесін зая кетірді. Абырой болғанда, алматылық азамат білгендей осыдан екі ай бұрын пәтерін сақтандырып, тұрғын үй полисін рәсімдеп қойған. Сонымен Жандос ары қарай не істеуі қажет? Келтірілген шығын қалай өтелді? Бұл туралы толығырақ біздің материалымыздан оқи аласыздар.
Қазіргі таңда қала тұрғындары табиғи апаттарға қарағанда, техникалық ақаулардың зардабын жиі көріп жатады. Ал Жандостың оқиғасы - мұның айқын дәлелі.


Егер апатты жағдай орын алса, не істеу керек?

Бірінші кезекте, Жандос барынша шығынды азайтуға әрекет жасады. Бұдан кейін ол келісімшарт пен тиісті құжаттарды жинап, сақтандыру ұйымына хабар берді. Сонымен қатар, ұйымның өкілін зардап шығындарын есептеу үшін және үйдің қазіргі жағдайын көрсету үшін шақыруды да ұмытпады.

Заң бойынша Жандостың сақтандыру ұйымына жазған шағымы 15 күннің ішінде қаралып, тиісті өтемақы тағайындалды. Ал сақтандыру ұйымы бөлген ақша жөндеу жұмыстарын қайта жасатып, зақым келген тұрмыстық техниканы жаңартуға толығымен жетті.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда алғашқы сегіз ай ішінде 8919 төтенше жағдай тіркелген:

Десек те бұған қарамастан, қазақстандықтардың көбі әлі күнге дейін пәтерін сақтандыруға асықпайды. Ал қиын жағдайға тап болса, бармақ тістейтіні тағы бар. Апат айтып келмейді, бірақ сақтандыру рәсімдеу арқылы сіз келтірілген шығынды өндіріп алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Сақтандыру ұйымы мына жағдайда пәтерге келтірілген залалды өтейді:

Өрт немесе газдың жарылуы;
Су құбырың істен шығуынан болатын зардаптар;
Бөтен адамдардың әрекеттері (тонау, мүлікке қасақана зиян келтіру т.с.с.);
Табиғи апаттар;
Жер сілкінісі.
Жылжымайтын мүлікті сақтандырудың қандай түрлері бар?

Жылжымайтын мүліктің өзін сақтандыру. Бұл - үйіңізді сақтандырудың ең сенімді түрі. Сіз бұған айтарлықтай көп ақша жұмсамайсыз, есесіне егер құбырлар жарылып, үйді су басса, өрт шығып, тұрмыстық газдың жарылса, тіпті, үйіңізді тонап кетсе, шығындарды еселеп өндіріп алуыңызға болады. Бұл жағдайда үйдің қабырғалары, есіктері, төбесі мен терезелері сақтандырылады.

Үйдің жабдықтарын сақтандыру. Бұл, әсіресе, пәтер иелеріне ыңғайлы. Мәселен, көпқабатты үйлердің найзағай әсерінен зақымдануы екіталай. Бірақ сіздің көршілеріңіздің құбыры жарылса, сіз жақында үйіңізге көп ақша жұмсап, жасаған жөндеу жұмысыңыз зая кетуі ғажап емес. Егер сіз аталған сақтандыру түрін рәсімдеген болсаңыз, еден, есік, сантехникалық жабдықтар, кереге, пәтердің төбесіне кеткен шығындар өтеледі. Үйдің ішкі жабдықтарын сақтандыру алдыңғы түріне қарағанда арзанырақ, сол себепті де қала тұрғындарының арасында танымалдылыққа ие.

Біреуге зардап келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен сақтандыру. Жылыту және су жүйесі істен шығуын ешкім де болжай алмайды. Кей кездері біреудің құбырының жарылуы, сіздің пәтеріңізге зардабын әкелсе, ендігі жағдайда көршілеріңізді қиын жағдайға түсуіне сіз де себепкер болуыңыз мүмкін. Осы кезде көршілеріңізге келтірілген шығынды сіз емес, сақтандыру ұйымы өтейді. Дегенмен құбырдан аққан су сіздің үйіңізге де кесірін тигізсе, сақтандырудың бұл түрі залалды өтемейді. Сондықтан жауапкершіліктен сақтандырумен қоса, өзіңіздің баспаныңызды қорғауды да ұмытпаңыз.

Титулды сақтандыру. Сақтандарудың бұл түрі физикалық кесапаттардан емес, заң тұрғысындағы қауіптен сақтайды. Бұған қоса титулды сақтандыру сатып алу-сату келсімшарты жасалған кезде ерікті түрде рәсімделеді. Мәселен, егер пәтеріңіз бұған дейін көп сатылған болса, сіздің оның бұрынғы иелерімен немесе олардың туыстарымен келіспеушілік туындауы әбден мүмкін. Айта кетерлік жайт, титулды сақтандыру рәсімдеу қымбатқа соғады: төлем тарифі үй бағасының 10%-ына дейін жетеді. Бұған қоса сақтандыру мерзімі шектеулі, келісімшартта көрсетілген мерзімге дейін жарайды.

Тұрғын үй полисі. Nomad Insurance ұйымы нарықта бұрын-соңды болмаған қолжетімді полис ұсынып отыр. Айына 256 тг тұратын сақтандыру өнімінде жоғарыда айтылған барлық апаттық жағдайлар қарастырылған. Қазақстандықтардың ыңғайына қарай бәрін nomad.kz сайтында онлайн жасау да қарастырылыпты. Төнетін қауіп-қатерлерге қарай полис құнын да, сақтандыру сомасын да таңдауға болады екен. Демек сіз аз ғана ақшаға баспанаңызды 75 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін сақтандыра аласыз. Тұрғын үй полисі сіздің пәтеріңіз үшін қанша болатын өзіңіз есептей аласыз.

Тұрғын үй полисінің бағасы нарықтағы жағдай мен халықтың тұрмысына негізделіп қойылған. Салыстырмалы түрде, қаладағы бір айлық орташа коммуналды қызмет ақысы 15 мың теңгені құрайды. Ал өз пәтеріңізді сақтандырудың бір айлық ең минималды бағасы 100 теңгеге де жетпейді. Сақтықта қорлық жоқ, ал сіз ең маңызды дүниелердің бірі - өз баспананыңызды сақтандыруға айына бар-жоғы 87 теңге қия аласыз ба?

02 қараша 2020 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031